«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2,5 жылда 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді

2016 жылғы 13 Маусым
- Қызылорда облысы
6534 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының қызмет қорытындысы туралы баспасөз мәслихатында Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Дархан Мырзалиев баяндап берді

«Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының атына құрылған күнінен бастап кәсіпкерлік субъектілерінен 380 өтініш түсті. Оның ішінде жалпы сомасы 1 млрд 160 млн теңгеге 300 кәсіпкердің құқығы қорғалып, қалпына келтірілді», – деді Дархан Мырзалиев.

Құқық қорғау жөніндегі жұмыстардың барлығы прокуратура және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жүргізіледі.

Прокуратура органдарымен жүргізілген бірлескен шаралардың нәтижесінде 17-ден астам лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлер палатасының тағы бір функциясы – кәсіпкердің заңды мүддесін сотта білдіру болып табылады. Бүгінгі күнге дейін палата заңгерлері 30-дан астам сот процесіне қатысып, нәтижесінде істің 80 пайызға жуығы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

Есептік кезеңде Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 8 отырысы өткізіліп, онда кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 23 сұрақ көтерілді. Нәтижесінде 150 кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, мемлекеттік органның 7 лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік жауапкершілік қолданылды.

Сонымен бірге, Палата әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуыментүрлі саладағы кәсіпкерлерментұрақты түрде кездесулер өткізеді.

Бүгінгі күнге 73 әкімшілік кедергі анықталып, Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлермен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 60-тан астам ұсыныс әзірленді.  Оның 17-сі қабылданды.

Мұнан өзге, мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бизнес-қоғамдастықөкілдері мемлекеттік органдар жанынан құрылған 46 консультативтік-кеңесші органдар құрамының 50 пайыздан астамына кәсіпкерлердің қатысуы қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда ең жоғары сұранысқа ие комиссия жер және қала құрылысы комиссиясы болып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер