Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы - 2013 жылғы 21 қазанда «Ұлттық палата туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі. Сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді серіктестігі негізінде дамуға қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқару ұйымы.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:
1. Кәсіпкерлерді оқыту, кеңес беру, бизнесті жүргізу, салаға қатысты заңға енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңашылдық, сондай-ақ бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кәсіпкерлерді ұдайы ақпараттандыру және т.б.
2. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудан, облыс, республика деңгейіндегі бизнестің жүйелі мәселелерін анықтау шешу.
3. Отандық өндірістерді дамытуға көмектесу және тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі жергілікті қамту үлесін арттыру, бизнес және инвестициялық жобаларды қолдау.
4. Облыс кәсіпорындарында сұранысқа ие кәсіби мамандарды даярлауға ықпал ету.
5. Агроөнеркәсіптік сектордың дамуына ықпал ету және өңірдің ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді шешу.
Кәсіпкерлерді барлық туындаған сұрақтар бойынша «Атамекен» ҰКП-ның 1432 call-орталығына хабарласуын сұраймыз.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желідегі парақшалары:
Facebook: https://www.facebook.com/groups/KyzylordaBiz (Бизнес в Кызылорде и Кызылординской области)
Telegram: t.me/BizKzo