«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бүгінгі студент – ертеңгі шебер

2016 жылғы 13 Маусым
- Ақмола облысы
11667 просмотров

Жұмысшы мамандықтарын насихаттау керек деп есептейді ӨКП өкілдері

«2,5 жылдың ішінде Дуальды оқытудың жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 15 мамандық бойынша 791 студент қамтылған 16 колледжбен және 41 әлеуметтік әріптес кәсіпорындармен 44 үш жақты шарт жасады», – деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айжан Тәжмиева әлеуметтік бөліктің жұмысын қорытындылау барысында.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста 36 техникалық және кәсіби білім беру мекемесі болса, соның 27-сі мемлекеттік, 9-ы жекеменшікте. Өңірдің 16 колледжінде дуальды оқыту жүйесі жүргізіледі.

«Жалпы алғанда, жұмысшы және қызмет көрсетуші еңбегінің беделін арттыру үшін жүйелік кәсіби бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Мектеп оқушылары үшін кәсіпорындарға топ серуендер, дәрістер, кездесулер, түйіткілді мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі. Өңірдің 100 кәсіпорны мен 140 мектебі қамтылған 253 кәсіби бағыттау шаралары ұйымдастырылды. Облыс мектептерінде 25 кәсіби бағыттау кабинеті мен 75 кәсіби бағыттау бұрыштары ашылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау мәселесіне тұрақты түрде назар аудару қажет», – деп сөзін жалғастырды Айжан Тәжмиева.

Өткен жылы ӨКП өңірдегі 226 кәсіпорыннан маманға деген сұранысы жайында сауалнама жүргізілді. Онда 1600 адамға деген тапшылық анықталған еді. Биыл сауалнамаға 300-ден астам кәсіпорын мен ұйымдар қатысты. Қажетті жұмысшылар саны – 4471.

Айжан Тәжмиеваның пікірінше, сапалы мамандар дайындау үшін оқыту-тәрбиелеу процесін, кәсіпорын қамқорлығын бекіту, тәлімгерлік мектептерін ұйымдастыру арқылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту қажет. Осыған орай қамқорлық туралы 8 шартқа, тәлімгерлік туралы 9 ережеге қол қойылған.

ӨКП-ның қолдау танытуымен «Алғабас» оқыту-кеңес беру орталығы жұмыс істеп тұр. Ол мамандар даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру мәселелерін шешу үшін бизнес субъектілеріне бағытталған. Орталықта оқыту тәжірибелік-бағыттау бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Инженерлік-техникалық, машина жасау, тау-кен қазу, құрылыс-жол салаларындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында оқыту-тәжірибелік орталық құрылған.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін Кәсіпкерлер палатасы «Жігер» ғылыми-білім беру инновациялық-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, 5 колледждің оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізді. Бүгінгі таңда бұл курсты 500-ден астам студент оқиды.

Одан бөлек, жақында Көкшетауда Кәсіби бағдарлау орталығы ашылды. Оның негізгі мақсаттары: оқу бейіні мен болашақ кәсіби қызметі саласында таңдау жасау,  мүмкіндіктеріне сай кәсіби өзін-өзі анықтау процесстерінде еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, оқушыларға кәсіби қолдау көрсету.

Айта кетерлігі, ӨКП-ның осы бағыттағы жұмысына Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің мүшелері белсенді түрде көмек көрсетуде. Жекелей алғанда, Іскер әйелдер кеңесі мүшелеріне тәлімгерлік институтын жандандыруға тарту туралы ұсыныс білдірілді.

Мәселен, «Жұмыс беруші күні» науқаны аясында бірқатар техникалық және кәсіби білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарында Өңірлік кеңестің, Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің, табысты кәсіпкерлердің қатысуымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында тәжірибеден өту, жұмысқа тұруғ жұмысқа қабылдау барысындағы жұмыс берушінің кәсіби талабы сияқты студенттердің өзекті мәселелерді тілге тиек ететінін айта кету қажет.

Сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдармен және техникалық және кәсіби білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, жас мамандарды республикалық «Кәсіби тұрғыдан үздік» байқауына қатысуға тартуға көмектесті. Ол жастар арасында жұмысшы мамандықтардың жағымды имиджін қалыптастыруға, жұмысшы мамандық өкілдерінің шығармашылық, танымдық және әлеуметтк белсенділігін ынталандыруға бағытталған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер