«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-жоспар бойынша

2015 жылғы 31 Шілде
- Қызылорда облысы
18566 просмотров

Қызылордалық консультанттар 2,7 млрд теңгеге 126 бизнес-жоспар жасап шықты

Биылғы жылы Қызылорда облысының барлық аудандарында ашылған Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында бизнес-жоспар даярлау жөніндегі қызмет үлкен сұранысқа ие.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанттары жыл басынан бері ісін бастаушы кәсіпкерлерге жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге 126 бизнес-жоспар дайындаған. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 104 млн теңгеге 10 жоба қаржыландырылған, қалғандары қарау сатысында жатыр.   

Осындай клиенттердің бірі – Бауыржан Таңатар. Қызы Айдана Болатбековамен бірге қысқа мерзімдік «Бизнес-кеңесші» курсында, кейін «Бизнес-Өсім» курсынан өтеді. Олар мұнда мұқият ойластырылған жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бизнес-идеясымен келеді.

Бауыржан Таңатар кәсіпорын ашу үшін қажет құжаттаманы даярлап қойды, тәжірибелі жүргізушілерді таңдап алды, консультанттар дайындаған бизнес-жоспарды алды да, банктің кредиттік комиссиясы қарау үшін құжаттар пакетін жинады. Ол кәсіпорынның жетістігіне сенеді, себебі басқа компаниялар тәжірибесі бизнестің бұл түрінің айтарлықтай табыс әкелетінін көрсетіп отыр.

Осы жылдың басынан бері 94 адам Кәсіпкерлікті қолдау орталығында консультация алған соң кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеліп, жеке бизнес ашқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер