«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарапайым заттар экономикасы. Павлодар облысында 16 млрд теңгеге жобалар мақұлданды

2020 жылғы 30 Сәуір
- Павлодар облысы
5872 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлер арасында қандай қызмет түрлері басымдыққа ие, жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына кімдер қатыса алады, сонымен қатар бағдарламаға қандай жаңашылдықтар енгізілді? Бұл туралы «Атамекен» ӨКП өңірлік жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Әмір Байысов айтты

«Қазіргі таңда көптеген кәсіпкер бизнесті жүргізуде қиындыққа тап болуда. Үкімет  кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бірқатар мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп іске асыруда. Оның бірі: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, оның ерекшелігі – икемді шарттарында. Бағдарлама нарықты отандық тауарлармен толықтыруға бағытталған. Құжат үнемі жетілу үстінде, оған бизнестің пікірін ескеріп, қызмет бағыттарымен толықтырылады. Мәселен, бағдарламаны іске асырудан бастап өзгерістердің 4 пакеті енгізілді. Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде өзгерістердің бесінші пакеті қабылданды», – деді Әмір Байысов.

«Қарапайым заттар экономикасын» іске асыруға қосымша 400 млрд теңге бөлінді. Осылайша бағдарлама салынған жалпы сома 1 трлн теңгені құрады. Бұл мүмкіндік көп кәсіпкерге қолдау жасауға жол ашады. Салалық шектеулер алынып тасталды, бағдарламаға кез келген кәсіпкер қатыса алады.

«Қаржыландыру сомалары келесі тәртіпте бөлінді: 200 млрд теңге АӨК кешенінде өңдеуге бағытталған, 300 млрд теңгеге дейін – өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету саласы. Бұдан бөлек,  несиелеу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды. Бағдарламаға екінші деңгейлі банктер қатарында Аграрлық несие корпорациясы АӨК-ті қайта өңдеу операторы болды. Шаруаларды қолдау үшін 100 млрд теңге көктемгі дала жұмыстарына бөлінді. Мұндай несиелеу мерзімі 1 жыл. Көктемді дала жұмыстарына 1 жылға айналым қаражатын 100 пайызға толықтыру қарастырылған», – деді Әмір Байысов.

 ШОБ жобалары бойынша несиелеу сомасы 100 млрд теңгеден 200 млрд теңгеге дейін артты. Кепілдендіру мөлшері 3 млрд теңгеден астам несиелер бойынша 30 пайызға артты. Қазір қарапайым заттар экономикасына қатысу 50 пайыз мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындар үшін ашық. Бизнеске түпкі мөлшерлеме 6 пайызды құрайды. Павлодар өңірінде 16 млрд теңгеге  87 жоба мақұлдаудан өтті.

 «Атамекен» алаңында мүдделі мемлекеттік органдар мен даму инститтуттарының қатысуымен жобалық алқа жұмыс істейді. Біз жобаларды әзірлену кезеңінен қаржыландыруға дейін сүйемелдейміз. Кәсіпкерлерді бағдарламаға қатысуға шақырамын. Сұрақтар бойынша Қңірлік палатаға хабарласуды сұраймын, телефон нөмірі  87713705067», – деді Әмір Байысов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер