«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматылық кәсіпкерлерге үш жылға бизнесті дамыту жоспарын тегін құру ұсынылуда

2021 жылғы 18 Мамыр
- Алматы қаласы
16993 просмотров

Almaty Business – 2021 оқыту және акселерация бағдарламасының сарапшылары бизнес жүргізудің мүмкіндіктері, құралдары мен ерекшеліктері туралы айтты.

1 лектің қатысушыларына сертификаттарды табыстауға Алматы қаласы әкімдігінің жоба үйлестірушісі – Әсем Мақашова, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары – Ақеркин Эралиева, атқарушы директор, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі – Мунавара Палташева қатысты.

Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаланың шағын бизнесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы әкімдіктің қолдауымен Almaty Business – 2021 акселерация бағдарламасын іске асыруды бастады.

Мунавара Палташеваның айтуынша, оңтүстік астананың жұмыс істеп тұрған шағын бизнесі бұл бағдарламаға тегін қатыса алады.

«Акселерациялық бағдарлама оқыту, тәлімгерлік және сараптамалық қолдау арқылы қатысушы кәсіпкерлердің тиімділігін арттыру және өсу нүктелерін анықтауға бағытталған», - деп атқарушы директор өз сөзін жалғастырды.

Ақеркин Эралиева пандемия мен карантин кезеңі барлығына оқу, стратегия мен құрылымды өзгерту қажеттігін көрсеткенін атап өтті, сондықтан Almaty Business – 2021 бұл бизнес субъектілері үшін бірегей мүмкіндік, соның арқасында әрбір кәсіпкер үш жылға арналған даму бизнес-жоспарын білікті мамандармен бірігіп жасай алады.

«Биылғы оқу бағдарламасы дағдарысқа қарсы шаралар аясында әзірленген, жоба тек оқытуды ғана емес, сонымен қатар бизнесті қолдау бойынша бағдарламаларды да қарастырады: жеңілдікті несиелер, өтеусіз гранттар», - деп Әсем Мақашева бөлісті.

2021 жылға арналған акселерациялық бағдарламаға қатысуға келесі қызмет салаларында бизнесі/кәсіпорындары бар қатысушылардан өтінімдер қабылданатынын атап өткіміз келеді:

  • Азық-түлік саудасы (азық-түлік бөлшек сауда)
  • Сауда non-food (азық-түлік емес ритейл)
  • Тамақтану объектілері (кафе, кофеханалар және т.б.)
  • Қызмет көрсету саласы
  • Жиһаз өндірісі
  • Тамақ өндірісі (кондитерлік өнімдер өндірісін қоса алғанда)
  • Тігін өндірісі

Алматы қаласының кәсіпкерлерін осы бағдарламаға қатысуға және тексерілген мамандардың тәжірибесі негізінде оқуға шақырамыз. Өтінім қалдыру үшін сілтеме бойынша өтіңіз edu.almatybusiness.gov.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер