Несиелеу шарты
Қазіргі таңда Бағдарлама жұмысына екінші деңгейлі 9 банк қосылды. Қаржыландыруға қол жеткізу үшін кәсіпкер банкке өтінім жіберіп, бизнес жобаны бағалау және мақұлдау процедураларынан өтіп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгінуі қажет.
Несиелеу шарттары бойынша қарыз беру мерзімі 7 жылды құрайды. Қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде субсидиялау есебінен 8%-ды құрайды.