«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-күнтізбе

Аппарат

Валиахметова Юлия Николаевна

Аппарат жетекшісі


02.08.1978 жылы туған

Туған жері Қостанай облысы

Жалпы жұмыс өтілі – 20 жыл.

Еңбек тәжірибесі:

  • 04.2021 жылдан қазіргі уақытта –   «Атамекен» ҚР ҰКП Аппарат жетекшісі;
  • 02.2021 – 04.2021 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі – Қоғаммен байланыс департаментінің директоры;
  • 11.2020 – 01.2021 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
  • 07.2020 – 11.2020 жж. –  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары – Басқарма мүшесінің кеңесшісі;
  •  04.2018 – 07.2020 жж. – Petroleum компаниялар тобы PR менеджменті жөніндегі кеңесшісі;
  • 12.2015 – 02.2018 жж. –   «Atameken business channel» ЖШС бас директоры;
  • 05.2016 – 11.2016 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Баспасөз хатшысы;
  • 02.2015 – 05.2016 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаментінің директоры;
  • 04.2013 – 01.2015 жж. – «Взгляд» продакшн-студиясының бас продюсері;
  • 12.2012 – 04.2013 жж. – «Еуразия» бірінші арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары жетекшісі
  • 06.2012 – 09.2012 жж. –  «Хабар» агенттігі» АҚ, «Kazakh TV» ұлттық жерсеріктік телеарнасының директоры
  • 09.2009 – 09.2012 жж. – «Хабар» агенттігі» АҚ «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың шеф-редакторы;
  •  01.2007 – 09.2009 жж. – «Хабар» агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінің редакторы;
  • 01.2006 – 11.2006 жж. – «Астана қ. телеарнасы» ЖШС жаңалықтар қызметінің редакторы;
  •  11.2000 - 01.2006 жж. – «Алау ТВ» ЖШС жаңалықтар қызметінің редакторы.

Білімі мен біліктілігі:

  • Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясы (РАНХиГС), Менеджмент магистрі;
  • Журналистика және әдебиеттік шығармашылық институты (Мәскеу қаласы), Тележурналист;
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Дирижер, Хор пәнінің оқытушысы.

Марапаттары:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2011 ж.)
  • «Usaid» ұйымдастырған халықаралық байқаудың «Үздік арнайы репортаж» аталымында гран-при иегері (2005 ж.)

Тіл білігі:

Орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі.

Аппарат – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі.

Аппарат міндеттері:

- «Атамекен» ҚР ҰКП жүйесіндегі кадр саясатын жүзеге асыру процесін стратегиялық жоспарлау және басқару. Қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттыру, жұмысқа кәсіби мамандарды тарту, қызметкерлерді ұзақ мерзімді негізде ынталандыру, қызметкерлерді басқарудың заманауи әдістері мен жүйесін енгізу, бағалау, оқыту, қызметкердің кәсіби дамуы, кадр қорын қалыптастыру, корпоративтік мәдениетті дамыту;
- «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы бірыңғай құжат айналымы жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, оны жетілдіру, кәсіпкерлерге байланыс-орталығы арқылы ақпаратттық қолдау көрсету;
- «Атамекен» қызметкерлерінің жұмысын үздіксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;
- «Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тауар және қызмет түрін сатып алуды ұйымдастыру; 
- «Атамекен» ҚР ҰКП ақпараттық инфрақұрылымын дамыту бойынша процестерді басқару және «Атамекен» ҚР ҰКП ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасау;
- «Атамекен» ҚР ҰКП жүйесіндегі тәуекелді төмендету процесін бақылау.

 

Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

Құқықтық қамтамасыз ету департаменті- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі.

Департаменттің негізгі міндеттері:

1. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметін тиімді құқықтық қамсыздандыру;

2. ішкі нормативтік құжаттарды, шарттарды/келісімдерді, Басқарма, Төралқа, ҚР ҰКП Съезі шешімдері жобаларын және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды сараптау; 

3. ҰКП құрылымдық бөлімшелеріне консультативтік-әдіснамалық көмек көрсету; 

4. еншілес ұйымдардың заңгерлік қызметтерін үйлестіру;

5. талап қою жұмыстарын жүргізу.

Серіктестер