«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бизнес жобаларын таныстырды

2025 жылғы 23 Қазан
- Түркістан облысы
142 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен тәлімгерлері өздерінің инновациялық бизнес-жобаларын ұсынды.

Оқушылар әзірлеген жобалар:

«Экологиялық мәселеден экономикалық мүмкіндіктерге: шегірткелерді өңдеудің инновациялық бизнес-модельдері»

«Түркістан облысының қуаңшылық аймақтарында мал азығын өндірудің инновациялық тәсілдері және экономикалық аспектілері»

Кездесу барысында Палата мамандары жас кәсіпкерлерге бизнес-жоспар құру, экономикалық тиімділікті есептеу және жобаларды нарыққа бейімдеу бағытында ұсыныстар берді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жас зерттеушілер мен болашақ кәсіпкерлердің бастамаларын қолдай отырып, жобаларды мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен түрлі конкурстық іс-шараларда таныстыруға жан-жақты қолдау көрсететін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174