Алматыда «Атамекен» ҰКП қатысуымен Салық кодексіндегі жаңашылдықтар талқыланды
Бүгінге дейін көшпелі семинарлар еліміздің 19 қаласында өтті.
Бүгін Алматыда жергілікті халыққа арналған көшпелі семинар өтті. Онда 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіндегі өзгертулер түсіндірілді.
Іс-шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар жұмысына ҚР Қаржы министрлігінің, «Атамекен» ҰКП-ның және өзге де мүдделі уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.
«Атамекен» ҰКП тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов қатысып, сөз сөйледі.
Еске сала кетсек, жаңа Салық кодексіне Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған болатын. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе Заң да қабылданды. Бұған дейін Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін түсіндіру үшін көшпелі семинарлар өткізілетінін хабарлаған еді.
Жоспарға сәйкес, семинарлар еліміздің бірқатар аймағында «Атамекен» өңірлік палаталарының қатысуымен өтіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар салық төлеушілерді алдағы семинарлар туралы хабардар етіп, сұрақтарды жинауға жәрдемдесуде. Бұл іс-шаралардың мазмұнын байытуға ықпал етеді.
Оңтүстік астанада өткен жиынға тұрғындардың қызығушылығы жоғары болды – кездесуге шамамен 800 адам қатысты. Қоғам және бизнес өкілдері өздерін толғандырған мәселелерге қатысты сұрақ қойып, қатысушылар тарапынан заңнама аясында жан-жақты жауап алды.
Бүгінде мұндай семинарлар еліміздің 19 қаласында өткізілді. Соңғы жиын Астанада ұйымдастырылады. Онда тиісті салалық ведомстволар жаңа Салық кодексіндегі жаңашылдықтарды қалың жұртшылыққа түсіндірмек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: