«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда өңірлік кеңес құрамына үміткерлерден құжаттарды қабылдау аяқталды

2024 жылғы 30 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1405 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Өңірлік сайлау комиссиясы келіп түскен құжаттардың толық мөлшерде дұрыс толтырылғанын тексерді. Өтінімдерді қабылдау 17-30 желтоқсан аралығында өтті.

Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша ӨКП жанындағы салалық кеңестер мен аккредиттелген қауымдастықтар мүшелері ұсынған 44 өтінім келіп түсті. Барлық үміткерлер аймақтық сайлау комиссиясы отырысында құжаттардың толықтығы мен қажетті талаптарға сәйкестігін тексеріп шықты.

«Келесі қадамда үміткерлерден келіп түскен өтінімдер Ұлттық палатаның сайлау комиссиясына жолданады. Тағы бір тексерістен өткеннен кейін, қайтадан өзімізге келіп түседі. Содан кейін үгіт жұмыстары басталады», - деп түсіндірді өңірлік сайлау комиссиясының хатшысы Мейрамбек Қаныбеков.

Үміткерлер өз бағдарламалары мен идеяларын сайлаушыларға ұсына алатын үгіт кезеңі 2025 жылғы 17-26 қаңтар аралығында өтеді. Алматының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау бекітілген кестеге сәйкес өткізілетін болады.

Сайлаушылар ұсынылған кандидаттарға 2025 жылдың 27-29 қаңтары аралығында дауыс бере алады. Бұл процесс қаланың кәсіпкерлік ортасын нығайтудағы, сондай-ақ бизнес өкілдерін таңдаудың ашықтығы мен демократиялығын қамтамасыз етудегі маңызды кезең болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер