«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттардан өтінімдер қабылдау аяқталды

2024 жылғы 25 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
528 просмотров

Аудандық кәсіпкерлер кеңестерінің, салалық кеңестердің және ӨКП-да аккредиттелген қауымдастықтардың өкілдерінен 24 өтінім түсті. Сайлау науқанын өткізу процесін арнайы құрылған өңірлік сайлау комиссиясы қадағалайды.

10 желтоқсаннан бастап Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің делегаттарына (мүшелеріне) кандидаттардан өтінімдер қабылданды. 24 желтоқсан күні сағат 18:00-де өтінімдерді қабылдау ресми түрде аяқталды. Бүгінгі таңда аудандық кәсіпкерлер кеңестерінің, салалық кеңестердің, қауымдастықтардың өкілдерінен 24 өтінім қалыптастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ӨКП жанында 12 аудандық, 8 салалық кеңес, сондай — ақ палатада аккредиттелген-Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы жұмыс істейді.

Барлық келіп түскен өтінімдер кандидаттардың құжаттарын тексеру және комплаенс-бақылау үшін ҰКП сайлау комиссиясына рәсімдік түрде жіберілді, сонда кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданатын болады.

 Содан кейін өңірлік кеңес делегаттарына бекітілген кандидаттар сайлау науқанын жүргізе алады.

Өңірлерде сайлау науқанын өткізу процесін құрамында партия, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері бар арнайы құрылған Өңірлік сайлау комиссиясы бақылайды. Комиссия хатшысы палатаның директоры болып табылады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылғы 20-22 қаңтар аралығында өтеді. Ережеге сәйкес Өңірлік кеңес делегаттарын сайлау тікелей дауыс беру негізінде өткізіледі.

"Өңірлік кеңес аумақтық және салалық тиесілігін ескере отырып, сондай-ақ аккредиттелген қауымдастықтар өкілдеріне арналған орындар санын ескере отырып қалыптастырылады. Біз өңірлік кеңестің жаңартылған құрамы үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейтініне сенімдіміз. Ортақ мүдделері бар кәсіпкерлердің мұндай бірлестігі аймақтық мәселелердің ең қолайлы шешімдерін табуға, жалпы міндеттерді басқа көзбен қарауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл тәжірибе алмасу және қолдау, сондай - ақ жаңа перспективалар", - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Дидар Боранқұлов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер