«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыға Қытай елінен бірнеше компанияның уәкілдері келді

2024 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
2514 просмотров

Қонақтарды Алматы «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов  қарсы алды. Еліміздің 20 өңіріндегі кәсіпкерліктің ең үлкен үлесі – 25 пайызы Алматыда орналасқанын айтты. Оған қоса бүкіл Орталық Азияға апарар жол болып табылатынын тілге тиек етті. Аспан асты елінен келгендерді Ұлы дала кәсіпкерлері қандай технологиялар мен өндіріс түрлерін дамытуға дайын екендігі қызықтыруда. Атап айтқанда, ақпарат, экология технологиялары мен жабдықтар, автомобиль шиналарын т.б. өндіру саласында ынтымақтастыққа ниеттенуде. Алматы «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов өңірлік палатаның Қытай бизнесмендеріне кеңесшілік, заңгерлік және басқа да қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.Делегация өкілдері өз жобаларының әрқайсысы бойынша презентациялық материалдар жіберетініне және біздің тараптан ұсыныстарды қарауға дайын білдірді. Бұл жолы қонақтар бір-ақ күнге ғана келіп, танысу турына уақыт аз болғанын айтты. Бірақ, жақын болашақта қазақстандық нарықтағы жұмыстың ерекшеліктері мен егжей-тегжейлерін зерттеп, бірнеше күнге созылатын нәтижелі кездесуді жоспарлады.

«Келген кәсіпкерлердің әрқайсысы үшін Алматы Қазақстан мен Орталық Азияға кірудің ең жақсы жолы болады деп ойлаймын. Өйткені Алматыда бизнестің алуан түрлері шоғырланған, оның ішінде делегация мүшелерін қызықтыратындар да бар. Бұл жерде бизнесті қалай жүргізу керектігі жайлы, үлкен ХАБ ретінде, технологиялар, капитал және адами ресурстар трансфері ретінде басым назарын Алматыға аударып,  шешім қабылдау туралы жалпы идеясы қалыптасуы үшін олардың әрқайсысымен бөлек, мақсатты түрде жұмыс жасаймыз. Қажеттіліктерін анықтап, Алматыда және  сонымен қатар Қазақстанның басқа аймақтарында орналасқан кәсіпкерлерімізбен байланыстырамыз деп келістік», - дейді басқосуды қорытындылаған Нұрсұлтан Шоқанов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер