«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағанды облысының кәсіпкерлері ақпараттық-кеңестік қызметтерді тегін ала алады

2026 жылғы 08 Қаңтар
- Қарағанды облысы
743 просмотров

Қарағанды облысының кәсіпкерлері заңгерден кеңес алып, салық есептілігін тапсыруға, сондай-ақ бизнес-жоспар әзірлеуге тегін қол жеткізе алады. Ол үшін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚКО) жүгіну жеткілікті.

КҚКО-да кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, кәсіпкерлік қызметті бастау немесе тоқтату мәселелері бойынша кеңес беріледі, ЭҚЖЖ (ОКЭД) мен оңтайлы салық салу режимін таңдауға, сондай-ақ шарттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды дайындауға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, мамандар қаржыландыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетіп, бизнес-жоспарды тегін әзірлейді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін Қарағанды облысының кез келген қалаcы мен ауданындағы кәсіпкерлер пайдалана алады.

Қарағанды қаласындағы КҚКО мына мекенжайда орналасқан: Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат, телефон: 8 (7212) 50-64-12, байланыс орталығы — 1432. Айта кету керек, қызметтердің кеңейтілген тізбесі Қарағанды қаласындағы КҚКО-да көрсетіледі. Кеңестерді онлайн форматта да https://g4b.kz порталы арқылы алуға болады.

Қалалық және аудандық филиалдарда кәсіпкерлерге бизнес жүргізудің негізгі мәселелері бойынша ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсетіледі.

Қалалық және аудандық КҚКО мекенжайлары:  

Балқаш — Шашубай шағын aуданы, 3Г, «Кулия-2» бизнес-орталығы, 1-кеңсе, тел. 8 (71036) 5-82-53 

Сарань — Қужанов көш., 2, тел. 8 (72137) 79070

Қарқаралы ауданы — Аубакиров көш., 25, тел. 8 72146 79034

Бұқар жырау ауданы — Ботақара кенті, Абылай хан көш., 41Б, тел. 8 702 686 36 25, 8 702 142 57 84

Осакаров ауданы — Достық көш., 35/2, тел. 8 (72149) 5-08-12

Абай ауданы — Жеңіс даңғ., 2, тел. 8 (72131) 79009

Шахтинск — Парковая көш., 11, тел. 8 (72156) 49596

Ақтоғай ауданы — Қ. Байсейітова көш., 2, тел. 8 (71037) 21273

Шет ауданы — Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көш., 141А, тел. 8 (71031) 21641

Теміртау — Құрылысшылар даңғ., 47, тел. +7 708 430 09 72

Приозерск — Жеңіс бульвары, 4/2, тел. 8 (71039) 70114


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174