«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің араласуымен кәсіпкер 2 млн теңге айыппұл төлемейтін болды

2023 жылғы 29 Тамыз
- Қызылорда облысы
8506 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері «ARCOM Eng» ЖШС-нің техникалық кадағалаушысына салынған 2 млн 70 мың теңге айыппұлдың күшін жоюға көмектесті.

Серік Қадрияұлы осы жылдың 24 наурызында «ARCOM Eng» ЖШС-не техникалық кадағалаушы болып жұмысқа қабылданады. Ол техникалық қадағалаушы ретінде Қызылорда қаласында салынып жатқан 7 көпқабатты тұрғын үйде құрылыстың жүргізілу барысы туралы облыстың бас мемлекеттік құрылыс инспекторына ай сайын хабарлама жіберіп тұруы тиіс. Солай жасайды да. Алайда облыстық бақылау басқармасы қаңтар-ақпанда хабарлама жіберілмеген деп техникалық қадағалаушыға 2 млн 70 мың теңге айыппұл салып, 6 айға техникалық қадағалау жүргізу құқығынан шектеу жөнінде әкімшілік жаза қолданады.

Бұл іске қатысты техникалық қадағалаушы Серік Қадрияұлы Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап келеді. Заңгерлер мәселені зерттеп, кәсіпкермен бірге қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотқа жүгінеді.

Сотта судья «ARCOM Eng» ЖШС техникалық кадағалаушысының бақылау және қадағалау органына тағайындалған мерзімінен бастап нысан құрылысының жай-күйі туралы ай сайын есеп беріп отырғанын, заң талаптарын сақтағанын басшылыққа алып облыстың бас мемлекеттік құрылыс инспекторының салған 2 млн 70 мың теңге айыппұлы мен 6 айға техникалық қадағалау жүргізу құқығынан шектеу жөнінде әкімшілік жазаның күшін жойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер