«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық кәсіпкер қыз-келіншектер менторлардан тәлім алып жатыр

2023 жылғы 11 Шілде
- Қызылорда облысы
7632 просмотров

Қызылордада 12 қыз-келіншек «Мен кәсіпкер» жобасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында біліктілігін көтеріп жатыр.

Жобаны Қызылорда облының кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатыр.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында Кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтады.

Жобаға қатысушы қыз-келіншектердің сұранысына сәйкес маусымнан бастап арнайы бекітілген нақты салалар бойынша оқытып жатыр.

«Жыл соңына дейін жүргізілетін оқытуда біз кәсіпкер кездесетін салалардың басым бөлігін қамтуға тырысып жатырмыз. Атап айтқанда, кәсіпті жүргізуге психологиялық дайындықтан бастап, қаржы сауаттылығы, маркетинг, сөйлеу шеберлігі, бухгалтерлік есеп, серіктеспен, мамандармен, кәсіпкерлік саласындағы заңнамалармен жұмыс жүргізуді үйретеміз», – дейді жобаның менторы Наталья Мишукова.

Кезекті кездесуде «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал басшысы Ләззат Бақтыбаева кәсібін енді бастап жатқан қыз-келіншектерді кәсіпкерлік саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен, заңдармен таныстырып шықты.

«Бизнесті жүргізгенде кәсіпкер тұтынушылары мен өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттерімен бірге өзінің құқын жақсы білуі тиіс. «Заңды білмеген жауапкершіліктен құтқармайтынын» ескере келе білікті заңгер кәсіпкерлік саласындағы маңызды нормативтік құжаттарды талдап, түсіндіріп берді», – дейді Наталья Мишукова.

Жобаға қатысушы қыз-келіншектер ментормен жұмыстың нәтижесінде кәсібінде алғашқы нәтижелерге де қол жеткізе бастады. Олар сауда орындарымен келісіп, өнімдерін қоюға мүмкіндік алуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер