«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жайлы мектеп»: Қызылордада биыл 48,6 млрд теңгеге 10 мектептің құрылысы басталады

2023 жылғы 28 Сәуір
- Қызылорда облысы
7626 просмотров

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары Қызылорда облысында жалпы құны 48,6 млрд теңгені құрайтын 10 мектеп салу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов айтты.

Үкіметтің былтыр қараша айында бекіткен ұлттық жоба аясында алдағы 3 жылда республика көлемінде 401 мектеп салу жоспарланып отыр. Соның 21-і Қызылорда облысында.

Жобаның мақсаты – орта білім беру ұйымдарында апаттық мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою.

«Ұлттық жобаны жүзеге асыруда «Атамекеннің» өкілдері тәуелсіз бақылаушы қызметін атқарады. Атап айтқанда, біз сатып алу шараларында конкурстық құжаттардың дұрыс қаралуына пікір білдіре аламыз. Сол үшін жобаға қатысып жатқан қызылордалық кәсіпкерлер сатып алуға қатысты комиссия шешімдеріне келіспеген жағдайда бізге хабарласса болады», – деді Пірмұхаммед Сыздықов.

Бұл жөнінде Кәсіпкерлер палатасының директоры Палата жанындағы Құрылыс кеңесінің отырысында да айтты.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл Қызылорда облысында құрылысы басталатын 10 мектеп бойынша сатып алу конкурсына 17 компания өтінім берген. Оның 11-і қызылордалық құрылыс компаниясы. Конкурс қорытындысы мамырда шығады.

Айта кету керек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын орта білім беру ұйымдары объектілерінің құрылыс жұмыстарына, сатып алу конкурстарын ұйымдастыруға «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы жауапты.

Қызылордалық құрылысшылар аталған жобаға қатысты барлық мәселемен Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгерім Рахымжановаға хабарласа алады. Байланыс нөмірлері: +7 775 124 1740, +7 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4316).


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер