«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жақсылық жаршысы: Қызылордаға тағы да 54 оттегі концентраторы келді

2020 жылғы 08 Тамыз
- Қызылорда облысы
3619 просмотров

Қызылорда облысына #жақсылықжаршысы акциясы аясында  тағы да 54 дана оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл аппараттардың қаржысы белгілі блогер Дәулет Мукаев және айтыскер ақын, қоғам белсендісі Айнұр Тұрсынбаеваның инстаграм парақшасындағы оқырмандар тарапынан жиналған, сондай-ақ «BIGroup» компаниясының тартуы.

Оттегі концентраторларының 16-сы Дәулет Мукаевтың «DAULETTEN қайырымдылық қоры», 16-сы Айнұр Тұрсынбаеваның «Айдың нұры қоры» арқылы алынса, 22-сі «BIGroup» компаниясының қаржысына алынған. Айта кету керек, «Айдың нұры» қоры арқылы келген 16 аппараттың 10-ы қызылордалық «Қыран» компаниясының тапсырысы (Бұл оттегі концентраторлары Жаңақорған ауданындағы ауруханаларға жіберілді).

Кұрылғылар «Атамекен» ҰКП қолдауымен «PONY_EXPRESS_KZ» логистикалық компаниясы және «Air Astana» әуекомпаниясы арқылы еліміздің барлық өңірлеріне жолданды, соның ішінде Қызылорда облысына 54 данасы келіп отыр.  

Оттегі аппараттарын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары күтіп алып,  қоғамдық бақылау мүшелері мен жоғарыда аталған азаматтардың өкілдеріне табыстады.

Айта кетейік, «Жақсылық жаршысы» акциясы аясында өткен шілде айында Қызылордаға 9 аппарат келген болатын. 9 аппараттың басым бөлігі Қызылорда қаласындағы ауруханаларға таратылды. Бұл жолы барлық аппараттар Байқоңыр қаласы мен 7 аудандағы ауруханаларға арналады. Соның ішінде:

Арал ауданына – 10 дана;

Қазалы ауданына – 5 дана;

Байқоңыр қаласына – 8 дана;

Қармақшы ауданына – 2 дана;

Жалағаш ауданына – 6 дана;

Сырдария ауданына – 5 дана;

Шиелі ауданына – 5 дана;

Жаңақорған ауданына – 13 дана.

«Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмек беру үшін atamekenim.kz сайтына өту керек.

            Мына сілтемені басу арқылы («Мен көмектескім келеді» түймесін басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZКX

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер