«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасының мамандары жаңақорғандық кәсіпкерлермен кездесті

2020 жылғы 28 Қаңтар
- Қызылорда облысы
3815 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының бизнес өкілдері арасындағы есепті кездесуі Жаңақорған ауданында өтті. Жаңақорғандық кәсіпкерлерге Палата директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов, аудандық филиал директоры Рысбай Нысанханов пен Палата сарапшысы Гүлдана Таңатова өңірде саланы дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар, «Атамекенмен» қабылданған шаралар және олардың нәтижесі туралы айтып берді.

Кездесу барысында мал бордақылаумен айналысып жүрген кәсіп иелері осы саладағы мемлекет тарапынан берілетін субсидияның кәсіптерін дамыту үшін айтарлықтай көмек болып отырғанын, соңғы уақытта бейресми дерек көздерінен қалыптасқан бұл жүйеге өзгеріс енгізілетіндігі жөнінде естіп, алаңдап отырғандықтарын жеткізді.

Бұл мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары ресми нормативтік-құжаттарға әзірге өзгеріс енгізілмегендігін, кәсіпкерлердің бұл тілегін Орталық аппаратқа жолдайтындығын айтты.

Мұнан өзге, кездесуде кәсіпкерлер тарапынан мемлекет тарапынан кәсіпкерлік мақсатта беріліп жатқан қайтарымсыз қаржы – гранттарға, салық заңнамаларына енгізілген өзгерістерге, кәсіпкерлікпен айналысуға арналған оқу курстарына қатысты сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.

Айта кету керек, Жаңақорған ауданыда бүгінгі таңда 4168 кәсіпкерлік субъектісі тұрақты жұмыс жасауда. 2019 жылы Палата мамандары 458 азаматқа 984 кеңес беріп, 607 сервистік қызмет көрсеткен. Инновациялық грантқа құжат тапсырған 30 адамды оқытып, құжаттарын әзірлеп берген. Нәтижесінде 8 жаңақорғандық грантқа ұол жеткізген. «Бастау» жобасы бойынша 480 адамды, «Жас кәсіпкер» жобасымен 115 жасты оқытты. Бүгінде «Жас кәсіпкерлерліктердің» 98-і кәсібін бастап кетті. Ал жалпы Жаңақорған ауданынан «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы 653 азамат кәсіпкерлік мақсаттағы мемлекеттік қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер