«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық 35 кәсіпкердің Германияда тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар

2018 жылғы 01 Қараша
- Қызылорда облысы
7286 просмотров

Қымбатты оқырмандар, бүгін назарларыңызға «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Іскерлік байланыстар» құралына тағы да тоқталғымыз келіп отыр. Аталмыш құрал кәсіпкерлерге шет елде тәжірибе алмасуға, оқуға, білік арттыруға мүмкіндік береді. Біздің сауалдарымызға Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжан жауап берді.

- Мәдина, «Іскерлік байланыстар» құралы дегеніміз не, қандай ерекшеліктері, тиімділігі бар. Осыған тоқталып өтіңізші.

- «Бизнестің  жол картасы» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыстар» құралы қолданылады. 2017 жылдан бастап бұл құралды ұйымдастыру, өткізу шараларының барлығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген. Биылғы жылға дейін «Іскерлік байланыстар» құралының оқу курстары тек қана Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды қалаларында ғана ұйымдастырылатын. Осы жылдан бастап Қызылорда облысы кәсіпкерлері тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты біздің өңірде өткізетін болды. Жалпы «Іскерлік байланыстар» құралының не ерекшелігі бар, қандай мақсатта қолдануға болады? Бұл құралдың мақсаты отандық кәсіпкерлердің шет елге барып, іскерлік байланыс орнатуына, жаңадан тәжірибе жинақтауға, шет елдік алдыңғы қатарлы технологияларды үйренуге ықпал жасау, көмектесу болып табылады. Аталмыш құрал екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі үш аптаны қамтиды. Оның екі аптасы тікелей аудиторияда, тренингтер ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Ал қалған бір аптасы онлайн-вебинар түрінде ұйымдастырылады. Егер бір аптаның ішінде іскерлік салаға қатысты қажетті тақырыптар қарастырылатын болса, қалған уақытта тренер мен қатысушының арасында кеңес жүргізу өткізіледі. Осы кеңес жүргізу барысында қатысушы өзінің бизнес-жоспарын жасайды. Бірінші кезең осымен аяқталады. Кезең аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығына сертификат беріледі. Биылғы жылы 3-21 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында «Іскерлік байланыстар» курстары ұйымдастырылды. Оған облыстан 35 адам қатысып, бірінші кезеңнен сәтті өткендігі туралы сертификаттарын алды.

- «Іскерлік байланыстар» құралының бірінші кезеңінен өткен азаматтардың бұдан кейінгі қадамы қандай? Германияға бару үшін қандай талаптар қойылады?

- 12 қазаннан 12 желтоқсанға дейін екінші кезеңге қатысу үшін құжаттар жинақталуда. Екінші кезеңге өткен азаматтар арнайы құрылған Қазақстан-Германиялық комиссия алдында әзірлеген бизнес-жоспарларын қорғайды. Комиссия алдында бизнес-жоспарды қорғау 11-14 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Ол Алматы немесе Астана қаласында болады. Қызылорда қаласынан оқып шыққан 35 азаматтың барлығы екінші кезеңге үміткер болуға толық мүмкіндіктері бар. Ол үшін арнайы құжаттар пакетін дайындап, өткізуі тиіс. Екінші кезеңге өткен азаматтардың барлығы қазақстандық-германиялық комиссия алдында қорғалатын жобаларға қойылатын талаптар: шынайы, өміршең, қолдауды қажет ететін бизнес-жоспар болуы тиіс. Мұндай жоспар иесі мемлекеттің атынан Германияға барып, 1 айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Ерекше тоқталатын жайт, барлық шығындар мемлекет есебінен төленеді. Қатысушы тарапынан болатын шығын, Қызылордадан Алматыға немесе Астанаға дейінгі және кері қарайғы жол шығыны ғана. Қалған шығындардың барлығы мемлекеттік мойнында.

- Сұхбатыңызға рахмет.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер