«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекенге – 5 жыл»: Негізгі басымдықтар анық

2018 жылғы 10 Қыркүйек
- Павлодар облысы
7711 просмотров

 Әдетте туған күнде бір жылға қорытынды жасап, алдағы уақытқа жоспар белгіленеді. Бұл үдеріс бизнес мүддесіне тиіселі жұмысты ұйымдастыруда тіпті өзекті. 

 «Атамекен» ҰКП құрылуына 5 жыл: маңызды жайттар туралы ҰКП құрылымына жаңадан келген, дегенмен кәсіпкерлік саласында үлкен тәжірибесі бар тұлғамен сұхбаттасуды жөн көрдік. Бүгінгі кейіпкеріміз кәсіпкерлер күнбе күн тап болатын мәселелермен де жақсы таныс.

 – Ербол Сейітахметұлы, екі ай бұрын сіз Павлодар облысы ӨКП директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалдыңыз. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы ретінде қызметіңізді неден бастадыңыз?

–Кәсіпкерлердің қазіргі мәселелерін білу үшін мен аудан орталықтарына барып, жергілікті бизнес өкілдерімен кездестім. Кәсіпкерліктің түрлі саласында айтарлықтай тәжірибем бар. Сондықтан бизнес ортадағы орын алған түйткілдерді бір адамдай білемін.

Жергілікті бизнес өкілдерімен танысуды неге ауыл-аймақтан бастадым? Өйткені, аудан облыс орталығынан шалғай жерде орналасқандықтан ауыл тұрғындары қолдауға көбірек мұқтаж. Алдағы уақытта кәсіпкер, жергілікті маслихатта депутат болғанымда «Атамекен» өкілдерімен жиі кездесетінмін, Палатаның көрсетіп жатқан қолдау түрлерінен хабардармын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 5 жылда атқарған жұмысын да жақсы білемін. бұл бизнесті қорғау, заңнамаға түзетулер енгізу, бизнес шығындары мен тексеруді қысқарту, бизнес ахуалды жақсарту жұмыстары. Сондықтан ӨКП директоры ретінде бизнес өкілдерімен кездескенде Палата қызметі, өнімдері туралы максималды ақпарат беруге тырысамын. Кәсіпкерлерге: «Атамекенге» келіңіз деп айтамын. Ұлттық палата кәсіпкерлер үшін министрлік іспетті. Қолдаудың бұл механизмі жақсы жұмыс істейді. Осында келіп, ақпарат алмасып, байланыс орнатып, жоспарлармен бөлісіп отыру керек. 

– Қалай ойлайсыз, кәсіпкерлердің мәселелері оң шешілуі үшін не істеу керек?

– Ауыл-аймақта кәсіпкерлермен кездесудің бір міндеті – кәсіпкерлер мәселелерінің пулын жинақтау болған еді. Жиналған түйткілдерді біртіндеп шешуді көздеп отырмыз.

Әрине, бизнестің мәселесін шешу үшін, бизнес пен атқарушы органдар және облысы басшылығы арасында тиімді, құрылымды диалог құрудың маңызы зор. Осы бағытта өңір басшысы тарапынан қолдау тапқанымыз қуантады. Осы бағытта бірінші қадам ол – «Атамекен» ӨКП алаңында ұйымдастырылған бизнес пен әкімнің кездесуі кезінде орын алды. Мұнда кәсіпкер өңір басшысына тікелей шығып, мәелесін шеше алады. Қосымша зерттеуді және қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынады және болашақта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешіледі.

Айта кетейін, кәсіпкерлермен кездесу барысында облыс әкімі өз қызметкерлерінен мемлекеттік органдардың бизнестегі жұмысын қайта құруды талап етті. Оның айтуынша, жергілікті жердегі басшылар қағаздарды толтырумен емес, кәсіпкерлердің мәселесін шешу жолдарын іздеу керек. «Атамекен» және жергілікті атқарушы органдардың және барлық мүдделі тараптардың  бірігіп атқарған жұмысы өз оң нәтижесін береді және сындарлы ынтымақтастықтың кепілі бола алады.

– Аудан орталықтарын аралау жұмысына оралсақ, айтыңызшы, бизнес-қоғамдастықты қандай мәселелер толғандырады?

– Аудан орталықтарынан бөлек мен Ақсу, Екібастұз моноқалаларында да болдым, жергілікті бизнес дамуымен жақын танысып келдім. Ақсу қаласында кәсіпкерлер форумы өтті. Онда жергілікті қолөнершілер жәрмеңкесі өтті. Онда азық-түлік, жиһаз, сүт өнімдері, ұлттық нақыштағы бұйымдар, көкөніс түрлері ұсынылды. Бір сөзбен айтқанда ақсулықтардың артықшылықтары көп.

Ал түйткілді мәселелерге келер  болсақ, жер қатынастары саласында кәсіпкерлер бизнесті ұйымдастыру үшін бос жерді ұтымды орналастыру қажеттілігі бойынша өтінім жасады. Құрылыс саласында шағын және орта бизнестің субъектілері үшін коммерциялық объектілерді салу кезінде құжат айналымын жеңілдету және орындау мерзімін қысқарту туралы ұсыныстар айтылды.  Ал өсімдік өсірушілер «Казводхоздан» рұқсат құжаттарын алу өте қиын екенін алға тартты. Баянауыл ауданы мен Екібастұз қаласының тұрғындары электр қуатының төмендігі мен тарифтердің жоғарылығына наразылық білдірді. Логистика саласында: көлік инспекциясы заңнамаға қолайлы бизнес-қызметті жүргізу үшін кедергі келтіреді. Салық салу бойынша кәсіпкерлер салықтық есептілік режимдері (оңтайландырылған режим мен жалпы режим) арасында шектік соманы жоғарылатуды ұсынып отыр.

 – Қазіргі таңда «Атамекен» құрылуына 5 жыл толуы алдында қандай мақсаттар қойып жатырсыз?  

  – Белгілі болғандай, Ұлттық палатаның басымдыққа ие бағыттары ішінде – кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. ӨКП заңгерлік бөліміне екі ай (шілде, тамыз) ішінде 15 өтінім түсті, оның ішінде 4-і оң шешілді. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлердің мүліктік құқығы 45 млн теңге көлемінде қорғалды. Тағы 8 өтінім заңгерлер қарауында жатыр.

  Қызметтің тағы бір бағыты: қолданыстағы бизнесті сервистік қолдау. Соңғы екі айда  шағын және орта кәсіпкерліктің 198 субъектісі 272 қызмет түрін алды. Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының менеджерлері бухгалетрлік жұмысты, салық есебін жүргізу, сынды сервистік қолдау бойынша 206 кәсіпкерге, статистикалық есепті құру – 140, заңгерлік көмек  бойынша – 40, бизнес-жоспар құру бойынша – 26 кәсіпкерге  қолдау көрсетті. 

Жергілікті тауар өндіруші қолдауға база назар аудару керек деп санаймын. Осы мақсатта «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында облыстың құрылысшылар мен тауар өндірушілерінің басын қостық. Өңір басшысы жетекшілігімен тараптар отандық тауар өндірушілерді қолдауды талқылады. Олар мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған бас мердігерлерге құрылыс материалдары мен жабдықтарын жеткізуге әрдайым қатыса алмайды. 

  Осы мәселені шешу мақсатында жин комиссиясы құрылысшылар мен тауар өндірушілердің қауымдастықтарын құры ұсынылды. Бірігу жергілікті өндіріске жаңа серпін беретіні сөзсіз. Облысы әкімі жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бойынша комиссяияға жетекшілік ететін болады. Комиссия мүшелері тоқсан сайын жиын өткізеді. Ал еегр шұғыл мәселе туса, кезектен тыс талқылау ұйымдастырылатын болады.

 Бұған қоса, «Бастау» жобасы бойынша жұмыс жалғасуда. 2018 жылы жоба Павлодар облысы бойынша барлық аудандар мен моно қалада жүріп жатыр. Биыл 1765 тыңдайшыны оқыту көзделген, 353 бизнес жоба жүзеге асады деп күтілуде.

«Бастау» жобасын жүзеге асыруда туындаған мәселелерді талқылауға арнап кеңейтілген жиын ұйымдастырылды. Қазіргі таңдажалпы сомасы 420,8  млн теңгеге 107 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 20 жоба 2017 жылдың түлектеріне тиесілі, оларға жалпы сомасы 77,5 млн теңге бөлінді. «Бастаудың» түлектерін микрокредиттеуде тарту бойынша жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтқым келеді.

  Бірінші кезекте аудан деңгейінде жұмыспен қамту орталықтары, ауыл округтері әкімдіктері, Палата филиалдарының шағын несиелеуді бағыттарын беруде тығыз байланыс орнатулары керек. Өйткені, ауыл округтерінің әкімдіктері мен бизнес-тренерлер кәсіпкерлердің әлеуетін, олардың бизнес жобаны жүзеге асырудағы қабілетін жақсы біледі;

Бұған қоса,  әріптестік негізде (51% – ҰКП, 49% – Әкімдік) бірлесіп «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Даму» АҚ арқылы шыған несиелеуді одан әрі қаржыландыру арқылы шағын несиелеу ұйымын құру. Бұл бастаманы жүзеге асыру «ҚазАгроКепілдік» АҚ кепілдік беру құралдарын толық қолдануға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар жергілікті халыққа табиғи несие беру ұсынысы бар. Кәсіпкерлер 5-7 жылға жалға қой, ірі қара, жылқы мен құсты ала алады. Жал мерзімі аяқталғанда кәсіпкерлер алған малдың тура сол көлемін  мемлекетке қайтаратын болады.

 Сөз соңында қазіргі таңда мемлекет кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға назар бөліп отыр. Бұл бағытта «Атамекен» ҚР ҰКП негізгі дәнекер. Осындай айтулы датада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын 5 жылдығымен құттықтағым келеді. Бизнестің дамуы, біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту жолында табыс пен жетістіктер тілеймін! Өз тарапымнан бұл бағытта бар күш-жігерімді жұмсауға, тәжірибем мен білімімді бөлісуге дайынмын.

– Ербол Сейітахметұлы, әңгімеңіз үшін рахмет.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер