«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Картоп күлшелері мен сәбіз қоспасы бар печенье өндірісі қолға алынбақ

2018 жылғы 29 Мамыр
- Павлодар облысы
8232 просмотров

Павлодар облысы бойынша «Бастау» жобасының тыңдаушылары Комиссия алдында бизнес-жобаларын қорғады.

Нақтырақ айтсақ, бірінші лек бойынша 42 ауыл тұрғыны оқудан өтті. Оның ішінде 35 адам бизнес-жобаларын сәтті қорғап, қаржыландыруға дайындалып отыр. «Бастау» бизнес-тренері Жанна Рахымжанованың айтуынша 3 тыңдаушы гранттық қаржыландыруға бизнестерін кеңейтпек, ал 4 адам кәсіпте бағыт анықтады, оларға қаржыландыру көзі қажет емес.

 «Оқудан өткен тыңдаушылардың барлығы «Бастау» сертификаттарын алды, аталған құжат мемлекеттік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік береді. Басымдыққа ие бірнеше жобаларды атап өткім келеді. Бұл Мичурино ауылында ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, Набережное ауылында жылыжай, жартылай дайын өнімін шығару», – деді Жанна Рахымжанова.

 Мәселен, «Линар» шаруа қожалығы 2016 жылдан бастап картоп пен сәбізді тамшылап суары әдісімен өсіреді. Шаруашылықта жыл сайын 150 тонна сәбіз бен картоп өндіріледі. «Бастау» жобасы аясында «Линар» шаруа қожалығы Павлодар ауданында картоп пен сәбізді өңдеу өндірісін қолға алмақ. Қожалық басшысы Бауыржан Әзімжанов несиелік қаражат есебінен картоп күлшелері мен сәбіз қоспасы бар печенье өндірісіне қажетті жабдық сатып алмақ.

 «Барлық өнімді өзіміз өсіретін экологиялық таза көкөністерден жасаймыз. Кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша өндірістік қуат күніне 500 келіге дейін өнім шығару. Күлше мен печенье бағасы бәсекеге қабілетті болады, өйткені шикізат көп, тауарды жеткізу, тасымалдауда кедергі жоқ», – Бауыржан Әзімжанов.
 

 «Галина Яворская» жеке кәсіпкерлігі көкөніс өсіру ауданын кеңейтпек. Көкөністерді жылыжайда өсіру жоспарланған. Кәсіпкердің айтуынша сауда желілелрі мен қоғамдық тамақтану орындарына сапалы әрі балғын өнім қашанда керек.

 «Жыл сайын көкөніс пен аскөкке деген сұраныс артып келеді. Ал нарықтағы қолжетімділікке қарамастан баға түспей тұр», – деді Галина Яворская. 

Кәсіпкер Павлодар ауданын жылына 20 тонна қияр, 30 тонна қызанақ, 5 тонна болгар бұрышы мен баклажан және 10 тонна аскөкпен қамтымақ.

 «Жыл он екі ай жұмыс істейтін жылыжай үздіксіз табыс табуға мүмкіндік береді. Топырақ демалсын деп жерді екі ай бос қоямыз. Табыс жоғары, өткізу үдерісі тез, жалыжайдың басқа да артықшылығы көп», – деді іскер әйел.

Набережное ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Қайрат Жүсіпов мұздатылған жартылай дайын өнім: манты, орама нан, тұшпара  түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.

 «Мұндай өнім түрлері нарықта жетіп артылады, алайда әлі де сұраныс толық қанағаттандырылмай отыр. Тұтынушыда сапа жағынан таңдау болу керек. Дайын өнімді сауда нүктелері, дүкен, әлеуметтік мекемелер: мектеп, балабақша, аурухана, мейрамхана мен кафелер арықылы өткізбекпін», – деді бастауыш кәсіпкер.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер