«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының турфирмалары EXPO нысандарына туристерді тасымалдайды

2018 жылғы 29 Мамыр
- Жетісу облысы
3674 просмотров

«Атамекен» алаңында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы, өңір әкімдігі және «Астана EXPO - 2017» ҰК» АҚ арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды.

Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметовтың айтуынша, келісім туризм саласындағы серіктестік орнатуға бағытталған. Оның аясында шетелдік туристер мен тұрғындарды, соның ішінде жастар мен оқушыларды Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрменің нысандарына тарту жұмыстары қолға алынады. Сондықтан жиынға туристік компаниялар мен білім беру ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында «Нұр әлем» сферасының көрме нысандары таныстырылып, EXPO-ны ел арасында жылжыту мен өзара әріптестік бойынша ұсыныстар айтылды.

«Жалпы Астанада өткен EXPO тарихтағы ең көп адам барған көрмелердің бірі болды. Мемлекеттегі халық санына арақатынасы бойынша көрмеге ең көп барған үш елдің бірі атандық. Осылайша, еліміздің әрбір төртінші азаматы көрмеге барған. Жергілікті әкімдіктердің, туристік компаниялар мен оқу орындары басшыларының қолдауы маңызды болды. Сарапшылар EXPO 2017 көрмесін мемлекет ішінде жылжыту мен таныстыру деңгейін жоғары бағалады», - деп атап өтті Қазақсан туристік қауымдастығының президенті Роза Асанбаева.

Айтуынша, ендігі таңда «Нұр әлем» сферасының нысандары туризмді, соның ішінде білім беру туризмін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Мысалы, оқушылар мен студенттарге Kids Future Energy мен Students Future Energy жобалары аясында ашық сабақтар өткізіліп келеді. Сонымен бірге, елімізге танымал азаматтардың қатысуымен «жұлдызды сабақтар» ұйымдастыру жоспарланған.

Демек, алдағы уақытта облыс мектептері «Нұр әлемде» оқушылар үшін ашық сабақтар жүргізе алады.  

«Астана EXPO - 2017» ҰК» АҚ-мен әріптестік өңірдің туритік компаниялары үшін тиімді бола түседі. Турфирмалар үшін қолайлы маршруттар ұсынылады және оның аясында олар барлық қызмет түрін көрсете алады.

Жиын кезінде Роза Асанбаев туристік компаниялардың перспективаларын айта келе, Алматы облысындағы Complete Service туркомпаниясын алғыс хатпен марапаттады. Complete Service «Astana «EXPO - 2017» Ұлттық компаниясының үздік туристік маршруты» байқауында бірінші орын алып, халықаралық көрменің ресми туроператоры мәртебесіне ие болды.

Сондай-ақ, көрме кезінде белсенді қолдау танытқаны үшін оқу орындарының арасында Талдықорған қаласындағы №10 мектептің ұжымы марапатталды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер