«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының 16 мыңнан астам кәсіпкеріне мемлекеттің қаржылай емес қолдауы көрсетілді

2021 жылғы 13 Қаңтар
- Жетісу облысы
7093 просмотров

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер алды.

Қаржылай емес қолдау өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. "Бизнестің жол картасы–2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз қаржылай емес қолдау көрсетіледі.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, 2020 жылы өңірдің 16 мыңнан астам кәсіпкеріне 17,5 мың сервистік және консультациялық қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлер негізінен жеке кәсіпкерлік ашу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік есепті тапсыру сияқты қызметтерге жүгінген. Кәсіпкерлер палатасы менеджерлерінің қолдауының арқасында 1,3 мың жоба мемлекеттік қолдау құралдары аясында қаржыландырылды.

«Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер ақысыз болып табылады. Қызмет түрлері облыстың барлық қалалары мен аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді. Карантиннің енгізілуіне байланысты қызметтердің басым бөлігі онлайн режимде көрсетілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлер g4b.kz сайтына өтінім беру арқылы қызметтердің барлығын толық көлемде ала алады», - деді облыстық палата басшысы Әсет Шаяхметов.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері жалпы сомасы 50 млрд теңгеге жуық болатын 529 бизнес-жоспар әзірледі. Оның ішінде 5,2 млрд теңгенің 153 жобасы іске асырылды.

"Бизнес мектеп" компонентіне қатысу нәтижесінде 1240 адам кәсіпкерлік саласындағы өз құзыреттерін арттырды. Курс кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен дамытудың бағыттары бойынша қысқамерзімді оқытуды қамтиды. Өткен жылы оқыту қашықтықтан өткізілді. Жоба бойынша оқытылғандардың ішінен жалпы сомасы 633 млн теңгеге 162 жоба іске асырылды.

Өңір кәсіпкерлері "Аға сеньорлар" жобасына да қатысты. Ұйғыр ауданындағы "Көк Тұмар" ЖШС ауыл шаруашылығы кешеніне, Қапшағай қаласынан ірі қара мал мен буйволдарды өсіру бойынша "BaiQonys" ЖШС және Алакөл ауданында асыл тұқымды ірі қара малды өсіру және өсімін молайту бойынша "DiQanBeef" ЖШС отандық сарапшылар шақырылды. Олар кәсіпорындардың басшылығына және қызметкерлерге басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, жабдықтар және персоналды оқыту мәселелері бойынша жан-жақты кеңес берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер