«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ғалымбек Жақсылықов: «Кәсіпкерлерге берілген тамаша мүмкіндік»

2018 жылғы 12 Наурыз
- Қызылорда облысы
4598 просмотров

Бүгінгі Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі мен үшін күтпеген жаңалық болды әрі үлкен қуаныш сыйлады

Біріншіден, бұл бастама Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жасалды, яғни көктем мерекесі қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықтармен басталды.

Екіншіден, көтерілген 5 мәселе де халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған. Осынысымен де құнды.

Кәсіпкерлік саласына қатысты Елбасының шағын несие беруді көбейту туралы тапсырмасы іспен айналыссам деген азаматтарға болашағы үшін сенім ұялатады деп нық айта аламын.

Біздің өңіріміз үшін бұл екі есе қуанышты жаңалық. Себебі, 2018 жыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша облыста 1600 адамды оқыту көзделуде. Мұнан өзге, «Бизнес кеңесші» курсы аясында ең кемі 800 қызылордалық біліктілігін жетілдіретін болады.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікпен айналысам деген азаматтар үшін жобасын қаржыландыруға бөлінетін қаржының артатындығын жеткізді. Бұл біз үшін қуанышты жаңалық.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер