«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық бизнесмен «алақол» жеткізуші атағына іліне жаздады

2018 жылғы 09 Ақпан
- Павлодар облысы
6991 просмотров

Кәсіпкер сатып алулардың жауапсыз қатысушысы болып танылса, бүкіл қызметіне нұқсан келетіні анық

Кәсіпкердің контрагенті тәртіп бұзса, сонымен қатар бұл олқылық тапсырыс берушіге айтарлықтай жағымсыз салдар әкелмесе, кәсіпкер не істеу керек? Осыған қарамастан тапсырыс беруші кәсіпкерді алақол жеткізуші деп тануды талап етіп отыр.  

Осындай жағдайға павлодарлық «GoodLive» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұрынды. Компания 2017 жылдың қараша айында «Казводхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен мемлекеттік сатып алулар туралы келісімге қол қояды.

Келісім шартына сәйкес «GoodLive» ЖШС  380 204 теңгені құрайтын сомада тауарды 30 күнтізбелік күнде жеткізуі керек болатын.

ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің сарапшысы Сейфолла Қасымқановтың айтуынша кәсіпкер 290 548 мың тенгені құрайтын тауарды жеткізген. Осыған орай келісім шарттарына сәйкес тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын ұстап қалған.

Айта кетелік, жеткізілген тауар көлемі жұмыстарды орындауға жеткілікті болатын.

«Тауарды ішінара жеткізу кәсіпкердің кінәсінан орын алған жоқ. Бұл жайт «GoodLive» ЖШС контрагенттері міндеттерінің бұзылуына байланысты. Тапсырыс беруші тауар сапасына деген уәжі болған жоқ. Сондықтан жағымсыз салдарды бағалауда әділеттілік пен ақылға салған жөн деп санаймын», – деді Сейфолла Қасымқанов.  

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары іс бойынша материалдарды зерттеп болған соң талап арызға пікір қалдырды.

 «Бұл жайт тапсырыс берушіге залал тигізу  арқылы келісімшарт бойынша кәсіпкер барлық құқықтан айырылады дегенді  білдіреді. Көріп тұрғанымыздай бұл жағдайда мұндай залал келтірілмеген. Аталған келісімшарт бойынша кәсіпкер міндеттерін ішінара 76%-ға орындағанын ескере отырып, осы ретте тапсырыс беруші тауардың көлемі мен сапасына еш наразылығы болмаған соң сот «GoodLive» ЖШС сатып алулардың жауакершіліксіз қатысушысы деген талап арызды қанағаттандыруға негіз тапқан жоқ», – деді Сейфолла Қасымқанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер