«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Германиялық мамандар әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау білдіруде

2024 жылғы 04 Мамыр
- Қызылорда облысы
8945 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының «Әлеуметтік кәсіпкерлік» салалық кеңесінің жетекшісі, «Рауан» ЖШС басшысы Қуанышкүл Дәулетиярқызы қазіргі таңда «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне» енген алғашқы кәсіпкерлердің бірі.

2018 жылы 19 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында «Рауан» инклюзивті балабақшасы ашылды. Балабақшада 132 тіл мүкістігі бар, дамуы кешеуілдеген, АСБ (аутизм спектрі бұзылған) және қалыпты балалар тәрбиеленуде. Мұнда логопед, дефектолог, психолог, музыка жетекшісі, ментальді арифметика нұсқаушысы және тағы басқа қызмет түрлерін көрсететін 50 қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім ордасында түрлі үйірмелер (би, музыка, ұлттық аспап)  және тұзды шахта жұмыс жасайды.

 «2018-2024ж. аралығында 300-ден аса бала тәрбиеленіп, мектепалды даярлық тобын бітірген ерекше балалар кәдімгі мектептің бірінші сыныбына қабылданды. 2023 жылы дамуында тежелуі бар 27 баланың арасынан 2024 жылы МПМПК тексеру нәтижесінде 23 бала есептен шығарылды. Бұл біз үшін үлкен жетістік» деді Қуанышкүл Дәулетиярқызы.

2022 жылдан бері Германиядан «SES» арқылы келген логопед, реобелетолог және аналитиктер ата-аналарға консультация беріп, мамандар мен тәрбиешілерге балалармен қиын жағдайда қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы оқу орталығымен бірлесіп мемлекеттік балабақшаларға тренинг,семинарлар өткізді.

Биыл Германиядан келген эксперт, аналитик Карл Ях мырза балабақша жұмысына жоғары баға беріп, оны әрі қарай дамыту мақсатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс жасауға даяр екендігін жеткізді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер