«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісу бизнесіне «Бір терезе» қажет

2017 жылғы 06 Наурыз
- Жетісу облысы
7070 просмотров

Әрбір ауданда Кәсіпкерлер үйі құрылуы керек

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтке Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Лаззат Чинкисбаева хабарлады. Оның айтуынша, «бір терезе» қағидасы әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлердің қызметін жеңілдетуі тиіс. «Кәсіпкер кез келген мәселесін ғимараттан шықпай-ақ шешуі керек. Сондықтан әрбір ауданда Кәсіпкерлер үйі құрылуы керек, онда мемлекеттік органның өкілдері бизнес үшін қажетті қызметтерді көрсетулері тиіс. Бұл мәселеде жергілікті атқарушы органның қолдауы маңызды», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы.  

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының жүзеге асырылуы жергілікті биліктің бизнеске деген қарым-қатынасына тікелей байланысты. «Барлық өңірдегідей, жер, қала құрылысы мен сәулет, мемлекеттік сатып алулар – кәсіпкерліктің негізгі мәселелері. Алайда, біз кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар тарапынан жауапты айлап күтіп отырғанын байқаймыз. Мұндай болмауы керек. Сондықтан, Елбасының әкімдердің бизнеспен өзара жұмыс істеуіне KPI қою туралы бастамасы өте орынды және тиімді жұмыс істеуге бағытталады. Негізінен, бизнеспен жүргізілетін диалог өңірдің барлық дамуына әсер етеді», – дейді облыстық палата басшысы.

Лаззат Чинкисбаеваның айтуынша, жергілікті билік ауылдық жерлердегі жастар кәсіпкерлігінің дамуына көңіл бөлуі керек, ауылдық кәсіпкерлер арасында ауыл шаруашылығы кооперативінің тұжырымдамасын түсіндіруде белсенді қолдау көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар ӨКП директоры тікелей эфирде өтетін есеп туралы айтты. Онлайн-есеп беру 6 наурыз күні 19-00-де «Жетісу» телеарнасында болады. «Тікелей эфир біздің қандай жұмыс атқарып жатқанымызды және бизнесте қандай мәселелер бар екенін кәсіпкерлерге көрсетуге мүмкіндік береді. Олар тікелей эфирде сұрақ қойып, өз ойларын ортаға сала алады», – деп атап өтті Лаззат Чинкисбаева.

Қызықтырған сауалдар мен ұсыныстарды zhetysu@palata.kz почтасына жолдауға және тікелей эфир 8 (7282) 40 17 53 нөміріне хабарласып айтуға болатынын еске саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер