«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік органдардың қызмет сапасы қандай?

2017 жылғы 18 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
5377 просмотров

Қоғамдық мониторинг қай салада жемқорлық жайлағанын анықтауға мүмкіндік бермек

Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұржан Мақсотовтың айтуынша, Ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясындағы Жол картасына сәйкес, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік арасында салықтық әкімшілендіру және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу жұмыстары басталды.

«Бұл жұмыстың нәтижелері бойынша орталық және өңірлік деңгейдегі ұйымдар қызметіндегі парақорлық заңбұзушылықтардың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасалады», – деді Нұржан Мақсотов.

Бұған қоса, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтайтын қоғамдық мониторинг өткізуде ақыл-кеңес ұсынып отырмақ. Осыған байланысты қатысушылар былтыр өткен қоғамдық мониторингке қатысты өз тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісті.

Мысалы, былтыр Ішкі саясат басқарамасының тапсырысы бойынша облыстың барлық аудандарында және Орал қаласында қоғамдық мониторинг жүргізілді. Оған 50 мемлекеттік қызмет түрі бойынша шамамен 1000 респондент қатысты. Нәтижесінде БҚО бойынша мемлекеттік  қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 83,4%-ға тең екені анықталған. Мемлекеттік органдарға тұтынушыларды мемлекеттік қызметтерді интернет-ресурстар арқылы алу тәртібі жөнінде ақпараттандыру туралы 84 ұсыныс жолданды.

«Бұл кездесудің бізге көмегі көп, себебі ақпарат жинау және жағдайға талдау жасау кезінде біз айтылған барлық ұсыныстарды ескереміз. Бүгінгі күні біз қоғамдық мониторингті сапалы түрде өткізу үшін, тиісті жұмысты қолға алып отырмыз. БАҚ бетінде хабарландырулар жариялап, кәсіпкерлерден келіп түсетін шағымдарды, мәліметтерді, БАҚ-та жарияланған материалдарды талдап, алдын ала шараларды өткізу кестесін жасадық», – деп атап өтті Нұржан Мақсотов. 

Сонымен бірге, ол кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен қоғамдық мониторинг өткізуде белсенділік танытуды сұрады.

ӨКП барлық ұсыныстар мен ескертпелерді Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына жолдауды сұрайды.

Палатаның мекенжайы: Орал қаласы, Т.Масин көшесі, 67-үй, электрондық мекенжайы: uralsk@palata.kz, n.maksotov@palata.kz, жұмыс телефоны - 24-29-79, 24-28-96, «Атамекен» ҚР ҰКП Call-орталығының нөмірі – 59-79-60.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер