«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Электронды шот-фактура мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр

2016 жылғы 12 Желтоқсан
- Ақмола облысы
5973 просмотров

Өңірлік палата бастамасымен өткен дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік кіріс департаменті өкілдері кәсіпкерлерге электронды шот-фактуралардытапсыру тәртібі мен қолдану мерзімі туралы түсіндірді

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап, «ЕАЭО кедендік аумағындағы тауарларды әкелу және оларды сатуға қатысты хаттама» өз күшіне енген болатын. Хаттамада Қазақстанға ЕАЭО аясында кедендік баж салығының төмендетілген мөлшерлемесімен әкелінген тауарларды тасымалдауды әрі жеткізуді реттеу мәселесі қарастырылған.  Құжатқа сай Қазақстан, Алу тізіміндегі (1347 тауар түрлері) тауарларды, ЕАЭО елдері аумағына, тек төмендетілген баж салығы бойынша әкелінген жағдайда ғана, тауарларды сыртқа шығаруға жол бермеу міндетін алған еді.

«Бұл ретте, бұған дейін үшінші елдер аумағынан әкелінген, Тізімге енген тауарларды сату барысында; ЕАЭО елдері аумағынан біздің елге әкелінген тауарларды сатуда; Қазақстанда жасалған тауарларды сату барысында ғана электронды шот-фактура беріледі», – деп хабарлады жанама салықты басқару бармасының бас маманы А.Тыштыбаева.

Қазақстаннан өзге елге тауарды тасымалдау барысында, кәсіпкер мемлекеттік кірістер органына растау туралы өтінішті, тауарды сүйемелдеу құжаты ретінде ЭШФ көшірмесі мен тауар декларациясын өткізуі тиіс екен. Бұл ретте, қосымша ретінде аталған құжаттардың көшірмелері өткізілуі тиіс дейді мамандар.

Тізімге енген және Хаттама өз күшіне енгенге дейін әкелінген тауарларды Қазақстаннан өзге елдер аумағына шығару барысында, қосымша құжат ретінде тауар декларациялары мен мемлекеттік кірістер органы мөрімен расталған ЭШФ-дың қағаз көшірмесі болуы керек екен. 

Ал, Тізімге енген, біздің елде шығарылған тауарларды өзге елге тасымалдау барысында, қосымша құжаттарға  тауардың СТ-1 арқылы жасалғандығы туралы сертификат түпнұсқасы мен МКО (мемлекеттік кірістер органы) мөрімен расталған электронды шот-фактураның қағаз көшірмесі жатқызылады. Сонымен қатар, Қазақстанға өзге елдерден әкелінген (ЕАЭО мүше елдері) тауарға қосымша құжат ретінде МКО мөрімен расталған ЭШФ-ның қағаз көшірмелері мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлегені туралы өтініш  (328.00 түрі) тіркеледі.

Айта кетер жайт, шот-фактура тауар сатылғаннан кейін15 күнтізбе күні ішінде кешіктірілмей берілуі тиіс.

МКД бас маманы Г.Мұхамбеталина ЭШФ ұсыну кезінде, кәсіпкерлер кейбір мүмкіндіктерге ие бола алады дейді. Мәселен, егер шот-фактураны кәсіпкер бірыңғай электронды түрде беріп жүрсе, салық салу мерзімінде сатылған тауар, атқарылған жұмыс және қызметке (300.07 түрі) қатысты шот-фактуралар реестрі салық органдарына ұсынылмайды екен. Кәсіпкер ЭШФ-ға қол жеткізген жағдайда, сатып алынған тауарлар, атқарылған жұмыс және қызметке (300.08 түрі) қатысты шот-фактуралар реестрі де салық органдарына табысталмайтын көрінеді. 

Ал, шот-фактураларды алғаны туралы көшірменің жартысы электронды түрде, қалған жартысы қағаз көшірме түрінде болса, онда шот-фактуралар реестрін құру міндетті болып саналады.

Жалпы, өңірлік кәсіпкерліктің ЭШФ-ны біртіндеп толтырудың қыр-сыры көп (бұл жөнінде толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады).

Бұдан бөлек, дөңгелек үстел барысында, қатысушылар ауылшаруашылық кооперативтерінің салық салу мәселелерін талқылады. Естеріңізде болса, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, арнайы салық салу режимі қарастырылған, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін қызмет түрлері тізімі кеңейтілген еді. Ауылшаруашылық кооперативтеріне АСР (арнайы салық режимі) қолдану үшін, жекеменшік құқығындағы жер телімдерін және (немесе) жерді пайдалану құқығы (жерді екінші рет пайдалану құқығы да кіреді) міндетті түрде болуы қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер