«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркия нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді?

2016 жылғы 13 Сәуір
25488 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП жиынтық талдау департаменті түрік экономикасына қысқаша шолу жасады

1. Түркия экономикасының құрылымы

Түрік экономикасының соңғы онжылдықтардағы қарқынды дамуы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізіп, дәстүрлі аграрлық  ел экономикалық құрылымы түрлене түсті. Соңғы жылдары ЖІӨ-дегі аграрлық сектор үлесі қызмет көрсету мен өнеркәсіптік өндіріс салаларының дами түсу себебінен ақырындап кеміп келеді. Ауыл шаруашылығын қолдан келгенше қолдап, жаңғыртудың арқасында мемлекет әлемнің жетекші индустриалды-аграрлық елдер қатарына енген.

Түрік экономикасының дамуы ауылшаруашылық шикізатты өңдеуден басталған. Осы күнге дейін ең көп жұмыспен қамтылған жетекші салалар тағам және жеңіл өнеркәсіп болып отыр, дегенмен соңғы уақытта ауыр өнеркәсіп те қарқынды дами түскен.

ЖІӨ құрылымындағы үлестің көп бөлігі – 84%-ы, өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Елде өнеркәсіптің барлық салалары дерлік теңдей дамыған. Анғұрлым серпінді салалар ретінде автомобиль және химия өнеркәсіптерін атауға болады. Түркия экономикасының стратегиялық секторы туризм болып саналады. Мемлекеттік қазынаға туристік саладан келіп түсетін кіріс түрік қызметтер экспорты көлемінің жартысынан көп.

2. Нарық әлеуеті мен экономикалық перспективаларын бағалау

2015 жылы Түркия экономикасындағы 3,5%-ға тең болған өсу тенденциясы әлі де жалғасуда. Дүниежүзілік банктің берген бағасы бойынша түрік экономикасының өсу болжамы ең әуелі мұнай бағасының құлдыруымен шартталған. Бұл жағдай түрік өндірістерінің өзіндік құнын арзандатып, тиісінше, өнеркәсіптік сектордың өсуіне септігін тигізеді.

3. Сыртқы сауда және сыртқысауда режимі

Сыртқы экономикалық саладағы басымдық берілген бағыт Еуропалық Одақ болып саналады. Мұның басты себебі – Түркия болашақта ЕО-мен бірігуді және батыс еуропа мемлекеттерімен саяси, экономикалық және әскери салаларындағы байланысты нығайтуды көздеп отыр.

Кесте. 2015 жылғы Түркияның сыртқы сауда көрсеткіштері

ДереккөзБҰҰ статистикалық бөлімінің деректері негізіндегі Trademap 

Нарыққа қол жеткізу шарттары

Ең жоғары импорт тарифтері «Тірі жануарлар мен жануарлардан алынған өнімдер» – 107,6%, «Өсімдіктен алынған өнімдер» – 53,9%, «Тағам өнеркәсібі өнімдері, алкогольды және алкогольсыз сусындар мен сірке суы, темекі» – 34,6% тауарлық топтарына тағайындалған.

«Сүректен немесе өзге де талшықты өсімдік материалдарынан жасалған қағаз жиынтықтары» мен «Өнер туындыларын, коллекциялық заттар мен антиквариатты» елге әкелу кезінде импортқа салынатын баж салығы – 0%.

Кедендік тарифтің біркелкі төмен мөлшерлемесі «Минералды өнімдерге» – 0,2%, «Асыл және жартылай асыл тастарға, асыл металлдарға, бижутерия мен тиындарға» – 0,3%, және «Машиналар, жабдықтар, аспаптар және аппараттарға» – 0,6% белгіленген.

Қазақстан мен Түркия арасындағы саудада анағұрлым қолайлы режим (АҚР) орнаған, оған сәйкес Тараптардың өзара сауда жасау кезінде ұсынатын құқықтары, басымдықтары мен жеңілдіктері Тараптардың бірі кез келген үшінші елден шығатын тауарға қатысты ұсынатын құқықтар, басымдықтар мен жеңілдіктермен салыстырғанда анағұрлым қолайлы.

4. Екіжақты сауда мен ынтымақтастық

2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,9 млрд. АҚШ долларына тең болған. Сонымен бірге Қазақстаннан шығарылатын экспорт азайып, 1,1 млрд. АҚШ долларына тең болған, ал Түркиядан Қазақстанға келетін импорт 750 млн. АҚШ долларына тең болған.

1-кесте. ҚР Түркиямен сыртқы саудасының сауда индикаторы, млн. АҚШ доллары.
Дереккөз: Trademap
 
2-кесте. Қазақстанның екіжақты сауда көрсеткіштері

Дереккөз: БҰҰ статистикалық бөлім деректері негізіндегі Trademap  

Қазақстандық өнімді экспорттауға арналған әлеуетті мүмкіндіктер

Қазақстандық өнімге арналған әлеуетті мүмкіндіктерді бағалау БҰҰ деректері негізінде WTO Халықаралық Сауда Орталығы жасап шығарып,  жүргізетін Trade MAP сауда ағындары негізінде  жасалған.

Түркияның әлемдік импортын Қазақстанның әлемдік экспортымен және Қазақстанның Түркияға экспортын салыстырғандағы статистикалық деректерді талдау арқылы бұл нарық қазақстандық өңделген өнімдерді экспорттауға белгілі әлеуеті бар екенін көрсетті, бұған Түркияның импорт туралы көптеген баптарына сәйкес Қазақстанның әлем бойынша экспортының болу дерегін көрсететін 2014 жылғы деректер дәлел бола алады. СЭҚ ТН 6-таңбалы классификаторы деңгейіндегі анағұрлым перспективті тауарлар түрі төмендегі кестеде көрсетілген.

2014 жылы іріктеп алынған 36 әлеуетті тауарлық позиция бойынша Түркия импорты 13 млрд. АҚШ долларына тең болған, бұл позициялар бойынша Қазақстанның әлемдік экспорты 1,8 млрд. АҚШ долларын құраған, Қазақстанның Түркияға экспортым – 31,9 млн. АҚШ долл. болған. Түркия барлық әлеуетті тауарлық позициялар бойынша нетто-импорттаушы болып саналады, яғни ондағы импорт экспорттан асып түседі, сондай-ақ көрсетілген позициялардың көбі бойынша бағалық та, табиғи мәнде де импорттың соңғы бес жылдағы оң өсімі байқалған.

3-кесте. Түркия нарығына экспорттауға перспективасы бар  өнімдер атауы

5. ҚР-на тікелей инвестициялар

Түркияның 10 жыл ішінде (2005-2015 жж.) ҚР-на салған тікелей шетел инвестицияларының жалпы түсімі 3,5 млрд. АҚШ долл. тең болған. Сонымен бірге 2015 жылы Түркиядан ҚР-на келген инвестициялардың деңгейі 2009-2010 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіндегі деңгейге түсіп қалған.

1-сурет. Түркиядан ҚР-НА салынған тікелей инвестициялардың жалпы түсімі,  в млн. АҚШ долл.
Дереккөз: ҚР Ұлттық банкі 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер