«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мамандық таңдау – маңызды іс

2016 жылғы 14 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
15061 просмотров

CҚО Кәсіпкерлер палатасы оқушылар арасында сауалнама жүргізді

Сауалнама көрсеткендей, облыста 5,5 мың респонденттің 15,6%-ы медициналық білім алуға ынталы. «Сауалнамаға Петропавл қаласы мен  облыстың 13 ауданындағы 10801 мектеп бітірушінің ішінен 9 және 11-сыныптарда оқитын 5482 түлек қатысқан. Респонденттер өздері таңдаған мамандықтар бойынша білім алатын орындарын белгілеген. Олар СҚО, ҚР болмаса РФ өзге де облыстарындағы колледждер, сонымен бірге жоғары оқу орындары»,– деп айтып берді СҚО КП сарапшысы Ирина Торопова.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің көпшілігі, атап айтсақ, 47,6%-ы жоғары оқу орнына түскілері келсе, 23,5%-ы өңір колледждерін таңдаған. Оқушылардың 15,7%-ы ҚР өзге облыстарындағы колледжерде оқуды жөн санаса, 8,8%-ы орта кәсіптік білімді Ресейден алуға ұмтылып отыр.

164 респондент немесе олардың 3%-ы мектеп бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналаспақ. Ал 32 оқушы әлі де болашақта не істейтінін білмей отырғанын айтқан. «Бұдан ары қандай мамандыққа оқығыңыз келеді?» деген сұрақ бойынша алған қорытындылар мынаны анықтап отыр: биылғы түлектердің көбі, яғни 855-і немесе қатысушылардың 15,6%-ы медициналық мамандықты таңдап отыр. Сондай-ақ олардың 400-і – мұғалім, 351-і – агроном, 329-ы – әскери қызмет иелері, 269-ы – инженер, 269-ы – заңгер, 208-і – кәсіпкер, 186-ы – дизайнер, 175-і – экономист, 164-і – бағдарламашы және т.б. мамандықтарды меңгергісі келетіндерін көрсеткен. Бұл тұста ерекше айта кету керек, сауалнама алынып келген 3 жылда түлектер алғашқы рет  «кәсіпкер» нұсқасын таңдап отыр. Бұл қуанарлық жайт», – деп сөзін жалғады Ирина Торопова. 

Бұдан ары көпшілікке кеңінен танымал мамандықтар таңдалған. Мәселен, респонденттердің 2,8%-ы теміржолшы болуға тілек білдірсе, оқушылардың кейбірі бухгалтер (2,5%), механик (2,4%), журналист (2,1%), аспазшы (2%), банкир (1,9) және өзге мамандықтарды игергісі келетіндерін айтқан. Бұдан ары талдау жүргізілуі үшін, сауалнама нәтижелері Білім басқармасы мен облыстың білім беру мекемелеріне жіберілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер