«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңадан кәсіп бастағандар үшін нұсқаушы курстар

2016 жылғы 26 Ақпан
- Қостанай облысы
12324 просмотров

Өз ісіңді ашу үшін не керек? ӨКП ұйымдастырған «Бизнес-кеңесші» курсына қатысушылар осы сұраққа нақты жауаптар алды

Биылғы бірінші курсты Қостанай мен облыстың жақын жатқан аудандарынан 37 адам тыңдады. Көпшілігінің жоспарында – мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алу немесе грантқа ие болу. Олардың ішінде бастапқы қаржылық қоры бар, бірақ базалық білімі жоқтар да болды.

«Мұны іс бастаушы кәсіпкерлер білуі тиісті негіздердің негізі десе де болады. Біріншіден, азаматтық, еңбек және әкімшілік заңнамалардың нормалары. Екіншіден, құқықтық аспектілер мен ЖК-ны тіркеу. Шаруа қожалықтарын ашқысы келетін қатысушылар да болды, оларға жер телімін алу, құжаттар ресімдеу тәртібіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламаларды таныстыруға жеке блок арналды»,– дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлері палатасының бизнес-жаттықтырушысы Теңіз Қабақов.

Айтулы курстар барысында шақырылған қонақтар да өз білгендерімен бөлісті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Жәмилә Тоғжанова да идеяны қолдауға дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде ол тыңдаушыларға салық заңнамасының нормалары туралы түсінік берді.

«Істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің салық төлеуші кабинетіндегі жұмысы кезінде көптеген мәселелердің туындап жататындығын өз тәжірибемнен білемін. Декларацияларды толтыру және дер кезінде өткізу – ешбір кәсіпкер қашып құтыла алмайтын шаруа, сондықтан негізгі қағидаларды ерте бастан игеріп алғанымыз жөн. Іскер әйелдер кеңесінің аясында біз өңірлерді аралап, бизнесті үйренгісі келетіндердің көп екендігіне куә болып жатамыз. Сол себепті мүмкіндігінше шетте қалмау үшін көмектесуге тырысамыз»,– деп атап көрсетті Жәмилә Тоғжанова

Наурыз айында Палатаның бизнес-жаттықтырушылары белгіленген кестеге сәйкес облыс аудандары мен моноқалаларда (дербес, жеке қала) көшпелі курстар өткізетін болады. Бүгінгі күні «Бизнес-кеңесшіге» қатысуға шамамен 400 адам өтінім беріп үлгерген. 2015 жылы шамамен 2 мың қостанайлық курстарды тыңдаған, олардың ішінде 82 адам кейін кәсіпкер ретінде тіркелсе, 55-і «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында несиелер алған, тағы 6 адам гранттарды иеленген.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі нәзік жандыларды бизнеске белсенді түрде тарту және өңірдегі әйел тұрғындардың арасында жұмыссыздықты қысқарту мақсатында 2015 жылы құрылған. Кеңес өз ісін ашуды қалайтындар үшін практикалық көмек көрсетумен айналысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер