«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Идея болса – ақша да болады

2016 жылғы 06 Қаңтар
- Қызылорда облысы
13420 просмотров

Қызылордалық кәсіпкер 50 млн теңге мөлшеріндегі грантқа ие болды

Бұл облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев жеткізді.

«Қызылорда құрылыс материалдары» ЖШС Кәсіпкерлер палатасына өткен жылы өтініммен жүгінген еді. Компания «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастыратын инновациялық гранттар байқауына қатысуға тілек білдіріп, бизнес-жоспар құруда көмек сұрап Палатаға жүгінеді.

«Қызылорда құрылыс материалдары» ЖШС 2014 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі инновациялық технологияларды дайындау және Қызылорда облысында өндіріске жоғары технологиялы, тиімді және экологиялық қауіпсіз зерттемелерді енгізу болып табылады.

Компания бүгінде «Көбікті бетон әзірлеуге арналған көбік түзуші өндірісі» жобасымен бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялы өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдау бойынша инновациялық гранттар байқауына қатысып отыр. Грант сомасы 50 млн теңгені құрайды. Палатаның қолдауы мен жәрдемінің арқасында байқаудың негізгі кезеңі өтті және аталмыш иноовациялық грант үшін өндірілетін өнім сәйкестігіне «ТДҰА» АҚ оң сараптамалық қорытындысына қол жеткізілді. Жақын арада шартқа қол қойылады деп күтілуде.

Инновациялық гранттар бағдарламасы бойынша гранттың 9 түрі бар: жоғары технологиялы өнімді өндіруді қолдауға дамудың бастапқы кезеңінде 50 млн теңге мөлшеріндегі грант беріледі, технологияны коммерциаландыруға - 100 млн. теңгеге дейін, өндірістік зерттеуге - 30 млн теңгеге дейін, патенттеуге - 6 млн. 250 мың теңге көлемінде. Сондай-ақ, басқару және өндірістік технологияларды енгізуге 15 млн теңгеге дейінгі сома көзделген, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін көтеруге - 2 млн теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға - 9 млн теңге, консалтингтік, жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тартуға - 35 млн. теңге, технологияларды сатып алуға - 150 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаны ҚР Инвестициялар және даму минситрлігі жүзеге асырады. Бағдарлама операторы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер