«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түйіткіл шешімін тапты

2015 жылғы 27 Мамыр
- Қызылорда облысы
18127 просмотров

 «Квант» ЖШС  Ресейде «Itron Metering Sestems Chongqing Co.,Ltd» шығарған есептегіштер топтамасын Қызылорда облысы аумағында сату үшін сатып алады. Есептегіштер Қазақстан Республикасы өлшеу құралдары тізіліміне енгізілген және бұл деректі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан метрология институты» РМК растап отыр. Сонымен қатар, «Қазақстан метрология институты», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы №53-ІІ Заңына сәйкес, аталмыш есептегіш типіне қатысты Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және тексеру бойынша барлық процедуралардың орындалғанын көрсетті».

Алайда, есептегіштер төлқұжатында дайындаушының ресейлік мекенжайы көрсетілуіне орай «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы аталмыш газ есептегіштерін пайдалануға жол бермейді.

Палата Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетке қолданыстағы заңнаманы түсіндіру туралы сұрау жіберді. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалына « Itron Gallus G4» газ есептегіштерін пайдаланудан бас тарту себептерін түсіндіруді талап еткен хат жолданды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы ұсынған жауабында аталмыш газ есептеу құралдарын пайдалануға қарсы болмағандарын хабарлайды. Бүгінгі таңда «КВАНТ» ЖШС түйткілі шешімін тапты және олар кәсіпкерлік қызметтерін кедергісіз жүзеге асырып жүр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер