«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Монополистер немқұрайлылық танытып отыр

2018 жылғы 20 Наурыз
- Шымкент қаласы
11420 просмотров

Кеңестің кезекті отырысы Кеңестің шақыруын елемеген монополист кінәсінен тоқтатылды

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес алғаш рет ҚР ҰКП «Атамекенге» Кеңес отырысына бизнеске қатысты қатаң ұстанымға ие болған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өңірлік филиалын жауапқа тартуды сұрауға мәжбүр болды.

Кеңестің кезекті отырысында Оңтүстік Қазақстандағы жалғыз газ жеткізушісі - «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының негізсіз іс-әрекеттерінің кінәсінен туындаған кәсіпкерлердің шағымдарын қарау жоспарланған болатын. Жыл сайын кәсіпкерлердің басым бөлігінде  кездесіп жатқан бұл мәселе Кеңес отырысына бірінші рет шығып отырған жоқ. Өткен жылдың өзінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасына 30-дан астам кәсіпкерлік субъектілерінен газ жеткізушінің әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен.

Мәселе мынада, газ монополисті бизнес үшін қолайсыз жағдайлар жасауда: заңды тұлғалардан 100 пайыз толық төлемін талап етеді. Ал кәсіпкерлер болса әлі көрсетілмеген қызметтер үшін ақша төлеуге келіспеуде. Кәсіпкерлердің болжамды түбіртекке емес, нақты қолданылған газға төлеймін деген өтінішін қабылдамаған монополистер газбен жабдықтауды тоқтатуға мәжбүр. Бірақ бұл әлі бергі жағы. Бизнесмендерді мәлімделген газ көлемінің жетіспеушілігіне байланысты «жоғалтылған пайда» деп аталатын монополистердің талаптары наразылықтарын тудыруда. Газ жеткізушісі кәсіпкерлерге келер жылы (ай сайын) тұтынылатын газдың белгілі бір көлемімен кестені құруға мәжбүр етеді және егер кәсіпкер бастапқыда талап етілгенге қарағанда аз немесе көп мөлшерде пайдаланса, филиал пайдаланылмаған немесе артық көлем үшін айыппұл салады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан осы тармақ бойынша келіспеушілік хаттамасын жасап және оның Акционерлік қоғамға ұсынуы сәтсіз болды - газ компаниясы келіспеушілік хаттамасына өз келіспеушіліктері туралы хаттамасын ұсынды. Сонымен қатар, өз келісім-шарттарында олар типтік келісім-шартта  іс жүзінде  кездеспейтін талаптарды қосқан.  

Өңірлік палатаға өтініш білдірген компаниялар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалынан кедергілерінен бизнестері зардап шегіп, кәсіптің дамуына мүмкіндік бермейтіндігіне наразы. Кейбіреулері тапсырыстарын уақытылы орындай алмай халықтың наразылығын тудыруда.

«Бірнеше жыл бұрын біз кәсіпкерлік субъектілеріне газ үшін 100% толық төлемнің күшін жоюға қол жеткізген болатынбыз», - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов.- Мұндай келісімге байланыс тобы арқылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен бірлесе шешілген. ОҚО шағын кәсіпкерлік субъектілері нақты тұтынылған газ үшін төлейтін. Біраз уақыт бұрын газбен жабдықтаушы компанияның басшылығының өзгеруіне байланысты өзара әрекеттесу тоқтатылды. Қазір ол бізбен байланыспайды, бірақ біз бірнеше рет кездесіп, мәселені талқылауға тырыстық ».

Газ компаниясы осы жолы да Кеңес отырысына қатысуға шақыруды елеместен, байланысқа шықпады. Бұл оқиға отырысқа қатысушылардың қатты наразылығын тудырды.

«Біздің кеңес бизнестің толыққынды өкілі болып табылады. Біз кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауымыз керек. Егер әрбір құрылым, мемлекетттік немесе монополист бола тұра, кеңестің шешімін қабылдамаса, онда неге біз осында отырмыз? – деп Кеңес мүшесі Владимир Накисбаев наразыдығын білдірді. - Біз мұндай саясаттан құтылуымыз керек және өте қатал әрекет етуге тиіспіз, әсіресе, мұндай уәкілетті Кеңеске Елбасамызбен берілген. Онда осы ережені қолданайық!»

Кеңес мүшелері бірауыздан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалы өкілдерінің кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге арналған кеңеске келмеу фактісін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Кеңеске және «Атамекен» ҰКП Басқармасына жолдауға шешім қабылдады.

Кеңестің мәжілісіне қатысқан ОҚО прокуратурасының өкілі Ерболат Әйімбетовтің айтуынша, облыстың прокуратурасы газ компаниясының облыстық филиалының әрекеттерінің заңдылығына тексеруді бастап кеткен.

2018 жылдың сәуір айында мәселені қайта талқылау шешілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер