«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер үшін әрбір теңге маңызды

2016 жылғы 19 Қаңтар
- Қызылорда облысы
6354 просмотров

Салықшылар кәсіпкерге айыппұлды заңсыз түрде салған

«Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының күш салуы мен олардың сотқа қатысуының арқасында сот айыппұлды 250 000 теңге мөлшеріндегі сомаға төмендету туралы шешім шығарды. Алғысымда шек жоқ», - дейді «МИР - 2001» ЖШС директоры Сейфулла Әжмолдаев.

Кәсіпкердің сөзінше, ол Кәсіпкерлер палатасына аппеляциялық шағым жасауға жәрдем көрсету және сотта «МИР-2001» ЖШС мүддесін таныту туралы өтінішпен жүгінген екен.

Мәселенің мәнісі мынада. Мемлекеттік кіріс басқармасы 2015 жылғы 23 қарашада «МИР - 2001» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы 4 іс қозғап, кәсіпкерге 400 АЕК немесе 792 800 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Алайда, әкімшілік заңнамаға сәйкес, тұлға бір ғана судья, орган (лауазымды тұлға) қарайтын бірнеше әкімшілік құқық бұзу жасаса, онда осы тұлғаға бір ғана түрлі жаза белгіленген жағдайда жазаның ақтық мөлшері үш еселік ең жоғарғы шектен аса алмайды. Яғни аталмыш жағдайда әкімшілік айыппұлдың ең жоғарғы шегі 300 АЕК-тен аспауға тиіс.

Сонымен қатар жасалған әрекет құқық бұзудың формалдық құрамына ие болып отыр, демек заң тәртібін бұзу және белгіленген жаза жасалған құқық бұзу сипатына сәйкес келмейді. Мұндай жағдайда сот бегіленген жазаны жұмсарта алады.

Палата апелляциялық шағым дайындап, бұл дәйектер сотта айтылды. Ақырында Қармақшы ауданының судьясы әрқайсысына 70 АЕК немесе 280 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салумен мемлекеттік кіріс басқармасының қаулысына өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады.

«Мемлекеттік органның шешіміне шағымдану үшін сәйкес құжаттарды даярлау және мүддені одан әрі таныту кәсіпкер үшін қосымша ақшалай шығынды қажет етеді, алайда Палата заңгерлерінің білікті көмегінің арқасында серіктестік бюджетін үнемдей алдым. Дағдарыс жағдайында кәсіпкер үшін әрбір теңге маңызды», - дейді «МИР - 2001» ЖШС директоры Сейфулла Әжмолдаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер