«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық кәсіпкер «Тағзым алаңын» салып берді

2018 жылғы 21 Мамыр
- Қызылорда облысы
5907 просмотров

Қызылордалық кәспкер, Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес мүшесі Сейітқали Алшынбаев Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылына 10 млн. теңгеге  «Тағзым алаңын» салып берді.

«Тағзым алаңының» ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысып, Сейтқали Бегманұлына және осы игілікті іске атсалысқан барлық азаматтарға дүйім жұрттың және қала әкімінің атынан алғысын жеткізіп, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Ауыл орталығындағы 8 сотық жерге орналасқан «Тағзым алаңында» ерлігі елге дастан осы топырақтан майданға аттанған 68 майдангердің және жеңісті жақындату жолында ерен еңбегімен еленген 13 тыл ардагернің есімдері мәрмәр тасқа қашап жазылған.

«Өскелең ұрпаққа батыр әкелеріміздің ерлігін насихаттау, құрметтеуге шақыру – міне, осы «Рухани жаңғыру» деп ойлаймын», - дейді кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев.

Жалпы, Қарауылтөбе ауылдық округінен Ұлы Отан соғысына 68 майдангер аттанса, олардан 25-і елге оралып, 43 азаматқа туған жердің топырағы бұйырмады.

Ал бүгінде, осы ауылда Ұлы Жеңісті жақындату жолында еңбегімен ерлеген 13 тыл ардагері бар.



Еншілес ұйымдар

Серіктестер