«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтын сапа: Аламан бәйге жақындап келеді

2016 жылғы 17 Маусым
- Қызылорда облысы
6993 просмотров

Қызылордалық кәсіпкерлерге «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурстарына қатысу ережелері түсіндірілді

ӨКП алаңында өткен оқу семинарында олар сонымен қатар бағалау тәсілдерімен танысты.

«2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  «Алтын сапа» сыйлығын алу және «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурс-көрмесін ұйымдастырып жүр. Бір ерекшелігі, ең жақсы кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер қауымдастығы анықтайды және ұсынады. Сонымен бірге бізді қызылордалықтардың белсенділігі де қуантады», – дейді «Атамекен» ҰКП  өкілі  Салтанат Әбдікәрімова.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурс-көрмесі 2006 жылдан бері жыл сайын  өтіп келе жатқанын баса айтайық. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. 

Конкурсқа қатысуға заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер үміткер бола алады. Қатысушылардың конкурсты ұйымдастырушы растаған, өнім  сапасының  тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша жағымды нәтижелері болуы тиіс.  

«Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсында жыл сайын үш санат бойынша үш аталым сыйлығы беріледі: 

1. «Өндірістік бағыттағы ең үздік кәсіпорын»;

2. «Халыққа арналған тауарлар шығаратын ең үздік  кәсіпорын»;

3. «Қызмет көрсететін ең үздік кәсіпорын».

Төмендегі санаттар бойынша мынадай үш аталым сыйлығы табыс етіледі:

1. Шағын кәсіпкерлік субъектісі ;

2. Орта кәсіпкерлік субъектісі;

3. Ірі кәсіпкерлік субъектісі.

«Қазақстанның ең үздік тауары» конкурс-көрмесі де үш аталым бойынша жүргізіледі:

1. «Өндірістік бағыттағы ең үздік тауарлар»;

2. «Халыққа арналған ең үздік тауарлар»;

3. «Ең үздік азық-түлік тауарлары».

Сыйақы алып, конкурсқа қатысу үшін Қызылорда  облысы Кәсіпкерлер  палатасына 1 шілдеге дейін өтінім беру қажет. Қосымша ақпаратты жауапты маман Гүлдана Таңатовадан мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Әйтеке би  көшесі, 28, немесе мына телефондар бойынша 8 -7242- 40 09 81 (ішкі 4311) алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер