«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысында колледждерге корпоративтік басқару жүйесі енгізілуде

2014 жылғы 12 Тамыз
- Қызылорда облысы
11000 просмотров

Күллі әлемде кәсіптік кадрларды даярлау жүйесін жақсарту мемлекет, бизнес және білім беру арасындағы тең құқықты сұхбат арқылы жүзеге асырылса, ал олардың өзара әрекеттестігінің оңтайлы формасы әлеуметтік әріптестік болып табылады. Қызылорда облысында колледжді корпоративтік басқару жүйесі енгізілуде.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарының барысында Өңірлік кеңес отырысына қатысты. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, Білім беру басқармасының басшылығы және колледждер басшылары қатысты.

Отырыс барысында Қызылорда облысы ӨКП, Сервис және қызметтер кәсіпкерлер қауымдастығы, Білім беру басқармасы және Қызылорда индустриялық-техникалық колледжі арасында колледжді корпоративтік басқару туралы Шартқа қол қою рәсімі өтті.

«Облыс әкімдігі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының арасында жасалған Меморандум аясында облыс колледждерінде бірлесіп корпоративтік басқаруды енгізудің пилоттық жобасы жасалды», - дейді Қызылорда облысы КП директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Арман Бимағанбетов.

Дуалды оқыту аясында жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс бөлуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қамқоршылық пен тәлімгерлікті ұйымдастыру, жалақы төлеу – бизнестің орындау жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын болып отырған іс-шаралар тізбесінің бір бөлігі осы.

«Қазіргі сәтте, білікті мамандардың өткір тапшылығы жағдайында шоғырландырылған күш – кәсіпкерлік субъектілерінің қуатты армиясы қалыптасты және қимыл жасауда. Егемен Қазақстанның инновациялық экономикасындағы өз орнының келешегін көру және мобильділікті қолдану, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік және алда тұрған Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру аясында жұмыс берушінің жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау мәселелеріндегі жауапкершілігі арта түсетіні сөзсіз», - дейді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Қызылорда индустриялық-техникалық колледжі 2014-2015 оқу жылына басқарудың жаңа заманауи формасымен, дуалды оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес дайындалған оқу бағдарламаларының жаңа мазмұнымен аяқ баспақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер