«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Заңсыз тексерістер мен жаңа ережелер: ШҚО-да бизнесті негізсіз бақылаудан қалай қорғауға болатыны талқыланды»

2026 жылғы 22 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
1274 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Негізгі назар – кәсіпкерлерге жүргізілетін тексерістер, заңнамалық өзгерістер және бақылаушы органдар тарапынан негізсіз қысымнан бизнесті қорғау.

Тексерістер мәселесі кәсіпкерлік үшін әлі де ең сезімтал тақырыптардың бірі болып отыр. Жеке кәсіпкерлер тарапынан тексерістердің негіздері түсініксіз болған жағдайда, процедуралық бұзушылықтар немесе кейде тікелей заңсыз әрекеттерге қатысты үнемі шағымдар мен қоңыраулар түсіп отырады.

2025 жыл ішінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің, оның ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы саласындағы, өтініштерін қарады. Бизнеc профильдік порталдардың жұмысын, жоспардан тыс тексерістерді жүргізудің заңдылығын, сондай-ақ тексеріс жүргізу процедураларының өз заңдылығын көтерді.

Осыған байланысты отырыста еске салынды: әрбір тексеріс тек қана заң аясында басталуы тиіс – міндетті тіркеуден бастап.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, тексеріс тағайындау актісі оның басталуына дейін Біртұтас тексерістерді есепке алу және тіркеу жүйесінде (ЕРСОП) міндетті түрде тіркелуі керек. Тіркеу № 1-П формасындағы карточканы толтыру арқылы жүргізіледі, тексеру парақтарын міндетті түрде тіркеп.

Тіркелгеннен кейін акт QR-кодпен басып шығарылады, кәсіпкер осы код арқылы тексерістің заңдылығын тексере алады. Міне, осындай тіркеудің жоқтығы, мерзімдердің бұзылуы, анонимді өтініштер бойынша тексерістерді бастау немесе өкілеті жоқ органдардың әрекеттері тіркеуден бас тартуға және тексерісті заңсыз деп тануға негіз болады.

Тексеріс тағайындау актісінде тексеруші орган мен лауазымды тұлғаның деректері, тексерілетін субъектінің мәліметтері, тексеріс нысаны мен мерзімдері, құқықтық негіздер, сондай-ақ кәсіпкердің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері толық көрсетілуі тиіс.

ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Департаментінде 2025 жылғы тексерістерді тіркеу статистикасы жарияланды.

ЕРСОП мәліметтері бойынша, ШҚО-да 3 776 тексеріс тіркелген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 73% көп. Сол уақытта жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерістер саны 41%-ға азайып, 2 111 тексеріс болды.

Бизнесті негізсіз араласудан қорғау мақсатында Департамент 28 тексерісті тіркеуден бас тартқан, 138 заңсыз тексеріс анықталған. Мысалы, тек ШҚО бойынша ҚР МНЭ Табиғи монополияларды реттеу департаментімен 2025 жылы 54 тексеріс жүргізілген, тіркеуге актілер қосылмаған, олардың 42-сі жеке бизнеске қатысты.

Мониторинг қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жоюға 9 ұсыныс енгізілді, 10 тәртіптік іс қозғалды және 23 әкімшілік жауапкершілік ісі жүргізілді. Жалпы 41 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Отырыс барысында ҚР жаңа Салық кодексінің енгізілуімен байланысты өзгерістерге бөлек блок арналды. Бұл салықтық бақылаудың философиясын түбегейлі өзгертеді.

Мысалы, бизнес үшін қалыпты «мерзімді», «жоспардан тыс» және «таңдамалы» салықтық тексерістер ұғымдары жойылады. Сондай-ақ алты айлық тексеріс кестелері алынып тасталады. Болашақта салық төлеушілерді таңдау салық жүктемесінің коэффициенті (СЖК) негізінде жүргізіледі. Бұл бақылаушы органдардың назарын нақты проблемалық аумақтарға шоғырландыруға мүмкіндік беретін, адресатталған және тәуекелге бағытталған тәсілге өту дегенді білдіреді.

Отырыс барысында балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға мемлекеттік бақылаудың өзгерістері де қаралды. Мемлекет басшысы қол қойған сәйкес заң 2026 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді.

Бұл бюджеттен қаржыландырылатын және балаларға тамақ, тұру, білім, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін нысандарға қатысты. Бұл мектептер, балабақшалар, сауықтыру лагерьлері және мектеп асханалары.

Мемлекеттік бақылау төрт формада жүргізіледі: жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер, тергеу және объектіні аралап мониторинг. Тексерістер алдын ала ескертусіз, кездейсоқтық принципімен өткізіледі, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау басты назарда болады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда алдымен оларды түзетуге тапсырма беріледі, айыппұл салынбайды. Дегенмен, тапсырмаларды орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ бақылау зертханалық және құралдық зерттеулермен бірге жүргізіледі.

Кеңес төрағасы Игорь Шацкий кәсіпкерлікке тексерістің қашан заңды, ал қашан құқық бұзушылық екенін нақты түсіну маңызды екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174