«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті бизнес пен өңірлерді қолдау – шағын кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасының өзегі

2025 жылғы 17 Желтоқсан
645 просмотров

Президенттің «Алтын Сапа – 2025» марапаттау рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес, елімізде шағын бизнесті қолдауға арналған Бірыңғай бағдарламалық құжат әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Аталған құжат кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мен бизнесті дамытудың негізгі құралына айналмақ.

Бағдарламаны әзірлеумен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, сондай-ақ «Бәйтерек» және «Даму» даму институттарымен бірлесіп айналысуда. Құжатта жергілікті өндірісті және шикізатты қайта өңдеуді ынталандыру, сонымен қатар қолөнер, былғары, сүт және басқа да салаларды қолдау шаралары көзделген.

«Жергілікті өндіріс пен шикізатты қайта өңдеуді ынталандыру, қолөнер, былғары, сүт өнімдері және басқа да салаларды кеңейту шараларын қамтыған жөн. Ол үшін әкімдіктер өңірдің әлеуеті мен қажеттіліктерін негізге ала отырып, басым бағыттардың тізбесін айқындауы қажет. Аталған шараларды іске асыру кәсіпкерлерге тікелей қолдау көрсетуге, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және шағын бизнестің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл орайда, әсіресе ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы жобаларға баса көңіл бөлу керек», — деп атап өтті Премьер-министр.

Аталған бағдарламалық құжат аясында өңірлік дамудың кешенді моделі қалыптастырылуда. Ол қаржылық, қаржылық емес, әкімшілік және инфрақұрылымдық қолдау құралдарын біріктіреді. Мұндай тәсіл аумақтардың ерекшелігін ескеруге, шынайы экономикалық модель құруға, жұмыспен қамтуды арттыруға және жергілікті экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге жол ашады. Инвестициялық тұрғыда бұл құжат тұрақты жобаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін салалық бағыттарды нығайтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174