«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің қаржы секторының белсенді өкілдері марапатталды

2025 жылғы 07 Қараша
- Ақтөбе облысы
723 просмотров

Кәсіби мереке — бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасында сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің қаржы бағытының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталды. Наградаларды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың атынан Палата директорының орынбасары Владимир Сухорученко табыстады.

Алғыс хаттармен марапатталғандар:

  • Арман Жылгелді – «Айбар-А» ЖШС директоры, сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің төрағасы;
  • Нұргүл Бектібаева – «БК Баланс» ЖШС директоры;
  • Жанар Қожабаева – «Western Universe Consulting» ЖШС директоры;
  • Виктория Исарова – «НЭК Сервис» ЖШС директоры;
  • Светлана Петракова – «Экспресс Бухгалтерия» ЖШС директоры;
  • Сергей Симонов – «Стройдеталь» ЖШС атқарушы директоры;
  • Мадияр Еспаев – «PKF Мүлікті бағалау Ақтөбе» ЖШС директоры.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұловтың атынан алғыс хаттармен келесі кәсіпкерлер марапатталды:

  • Гүлнұр Есенқұлова – «TK SalvaDor» ЖШС директоры;
  • Қарлығаш Дарбаева – «ProfBukh» ЖШС директоры;
  • Қанат Әглешев – «Kemel Audit» ЖШС директоры.

Олардың барлығы сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің қаржы секторының жұмысына белсене қатысып, салық және бухгалтерлік есепке қатысты ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге кәсіби тұрғыда зор үлес қосып келеді.

«Сіздердің кәсібиліктеріңіз, іске деген жауапкершіліктеріңіз бен маңызды бастамаларды алға жылжытудағы табандылықтарыңыз ашық әрі әділ салық жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді», — делінген Тимур Жаркеновтың алғыс хатында.

 

«НЭК Сервис» ЖШС директоры Виктория Исарова өз әсерімен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті: — «Маған сенім білдіріп, Салалық кеңестің жұмысына қатысу мүмкіндігін бергені үшін «Атамекен» ҰКП-на шынайы алғысымды білдіремін. Бұл қоғамдық жүктеме болғанымен, мен оны қызығушылықпен және ынтамен қабылдаймын. Өз тәжірибеммен бөлісу және ортақ іске үлес қосу — кәсіпкерлік орта мен қоғамның дамуына әсер ететін маңызды үдерістерге қатыстылық сезімін береді. Кеңес аясындағы бірлескен жұмыс өзекті мәселелерді анықтап, Қазақстанның бизнес-ортасын тиімді әрі ашық етуге нақты шешімдер табуға мүмкіндік беретініне сенемін».

Іс-шара тағы бір мәрте өз еңбегімен және бастамашылдығымен өңірдің қаржылық мәдениетін дамытуға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және бизнестің беделін нығайтуға үлес қосып жүрген кәсіби мамандардың маңыздылығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174