«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмысшы мамандықтар – табысқа апарар жол

2025 жылғы 14 Қазан
- Ұлытау облысы
268 просмотров

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Сәтбаев индустриалдық колледжінде жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған облыстық кәсіби шеберлік байқауы – «MamandyqFest» өтті.


Байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау, талантты студенттерді анықтау және олардың практикалық әрі креативті құзыреттерін көрсету.
Байқау төрт кезең бойынша ұйымдастырылды:
«Менің мамандығым – менің брендім» таныстырылымы, практикалық шеберлік сайысы,интеллектуалдық викторина, стартап-идеяларды қорғау
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды: I орын — «WeldForce» командасы (Сәтбаев индустриалдық колледжі)
 II орын — «Огненные мастера» командасы (Тау-кен металлургия колледжі)
 III орын — «Дәнекерлеу шеберлері» командасы (Технология және сервис колледжі)
Сәтбаев қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының директоры Батырлан Таймағанбетов жеңімпаздарды құттықтай отырып, Палатаның дуалды оқыту жүйесімен жұмыс істейтін колледждерді қолдауы студенттердің практикалық дағдыларын нығайтуға, өңір кәсіпорындарымен серіктестікті дамытуға және болашаққа қажетті мықты кадрлық әлеует қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174