«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП Орталық Азияда e-CO сертфикаттарын енгізу шараларын қолдады

2025 жылғы 29 Қыркүйек
633 просмотров

25-26 қыркүйек күндері Ыстықкөлде (Қырғызстан) Орталық Азияда шығу тегі жөніндегі электрондық сертификаттарды трансшекаралық тануды қамтамасыз ету бойынша өңірлік техникалық диалог өтті.

Аталмыш іс-шара Ready4Trade Central Asia жобасы аясында Еуропалық Одақтың қолдауымен өткізілді. Жоба Халықаралық сауда орталығы (ITC) арқылы жүзеге асырылып, сауда рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Оның бір бағыты – Орталық Азияда шығу-тегі жөніндегі электрондық сертификаттардың (e-CO) трансшекаралық танылуын енгізуді қолдау.

Кездесуге Орталық Азияға жататын бес елдің кеден қызметтері, сауда-өнеркәсіп палаталары және сауда және интеграция министрліктері қатысты. Олар тұрақты модельдерді, ұлттық шараларды үйлестіруді және бірлескен өңірлік тәсілдерді талқылады, бұл электрондық сертификаттардың өзара танылуын қамтамасыз етіп, бытыраңқылықтың алдын алады.

Талқылау қорытындысы бойынша елдер қағазсыз сертификаттарға көшуге дайын екенін растады. Электрондық сертификаттарды өзара тануды жүзеге асыру үшін құқықтық, техникалық және институционалдық аспектілерді ескере отырып, қажетті қадамдар айқындалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174