«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер мен қаржы институттары экономикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

2025 жылғы 15 Тамыз
- Қызылорда облысы
438 просмотров

14 тамыз күні «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында және Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Ж. Элимановтың тікелей тапсырмасымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдері Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Палата алаңында дөңгелек үстел өткізді.

Басқосуға Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің Қызылорда өңірлік өкілдер басқармасы, Қазақстан Ұлттық Банкі, екінші деңгейлі банктер және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Жиынды Палата директорының міндетін атқарушы Салават Құлмахан мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы Аслан Кенесұлы жүргізіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін сөз кезегін департамент өкілдеріне берді.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Талдау-әзірмелеу бөлімінің басшысы Қайрат Ахметов криминалды қаражатты қолма-қолға айналдыру фактілері бойынша жүргізілген қаржылық мониторингтің қорытындыларын ұсынды. Ал агенттіктің Қызылорда өңірлік өкілдері басқармасының бас маманы Мұрат Сарманов облыс көлемінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі талаптарын түсіндірді.

Банк өкілдері өз тәжірибесінде кездескен мәселелерін ортаға салып, департамент қызметкерлеріне сұрақтар қойды. Кездесу пікір алмасу форматында жалғасып, барлық сауалдарға жауап берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174