Ақтөбеде Кәсіпкерлер палатасы жаңа Салық кодексінің ережелерін талқылады: жұмыс тобы құрылып, ұсыныстар жинау басталды
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойылуына байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес мүддесіне әсер ететін негізгі жаңашылдықтарды талқылауға арналған белсенді жұмысты бастады. Осыған орай, Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына облыстық Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, салалық қауымдастықтар мен Палатаның салалық кеңестерінің өкілдері, адвокатура, сарапшылар мен Палата қызметкерлері кірді.
Жұмыс тобының алғашқы отырысында жаңа Салық кодексінде көзделген арнайы салық режимдері (АСР) бойынша тәсілдер талқыланды. Атап айтқанда, келесі өзгерістерге назар аударылды:
-
өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін АСР қолдануға рұқсат беру тәсілін енгізу;
-
жаңартылған АСР үшін қызмет түрлерін шектеу қағидатын енгізу (жеңілдетілген декларация негізінде).
Бұл ретте рұқсат етілген және тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейінде бекітіледі.
Аталған тізімдердің кәсіпкерлер үшін маңыздылығын ескере отырып, Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы барлық мүдделі бизнес субъектілерін екі апта ішінде өз ұсыныстарын aktobe@atameken.kz электронды поштасына жіберуге шақырады.
Ұсыныстар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
-
жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі;
-
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі.
Ұсыныстарды дайындау кезінде келесі мәліметтерді көрсету қажет:
-
нақты ЭҚЖЖ коды мен атауы;
-
әлеуметтік-экономикалық негіздеме;
-
мүмкін болған жағдайда — қызметтің өзектілігі мен маңыздылығын растайтын статистикалық деректер.
Түскен ұсыныстар мемлекеттік кірістер органдарымен тиісті тізімдерді келісу барысында ескерілетін болады.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
жұмыс телефоны: 8 (7132) 744-607
ұялы телефон: +7 702 5678 011
Пікір қалдыру:
Пікірлер: