«Орталық Азия – Қытай: Сауда навигаторы»
Орталық Азия елдері мен ҚХР XXI ғасырдың жаңа сауда бағыттарын қалай қалыптастыруда? Аймақ экономикасын өркендету үшін көлік дәліздері, «ақылды» логистикалық платформалар мен жасыл энергетиканы дамытуда бизнес-көшбасшылар қандай шешімдер қабылдауда?
Экономика, әріптестік, цифрлық интеграция – мұның бәрі «Орталық Азия – Қытай: Сауда навигаторы» фильмінде көрініс тапқан.
Шығарылымнан көретіндеріңіз:
- Іскерлік Кеңеске дайындық барысы: жұмыс кездесулерден бастап негізгі алаңдарды іске қосу мен ресми хаттамалық рәсімдер;
- Болашақ өндірістік тізбектер қалай құрылатыны жайында B2B-кездесулер;
- Жасыл энергетика мен цифрландыру тақырыбындағы аймақтық ынтымақтастықтың жаңа келбетін айқындайтын талқылаулар;
- $17 млрд асатын 30-дан астам келісімнің қол қою сәттері.
«Орталық Азия – Қытай: Сауда навигаторы» - Шығыс пен Батысты жалғап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған жол картасы.
Толық фильмді YouTube-арнамыздан тамашалай аласыздар!
Пікір қалдыру:
Пікірлер: