«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесте жасанды интеллектті қалай тиімді пайдалануға болады?

2025 жылғы 11 Маусым
- Түркістан облысы
219 просмотров

Бүгін «Жасанды интеллект көмегімен уақытты, қаржыны және ресурстарды үнемдеу жолдары» атты практикалық воркшоп өтті. Іс-шара Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылып, шағын және орта бизнес өкілдері үшін пайдалы ақпарат пен нақты құралдарды ұсынды.

Семинар барысында қатысушылар:

- Бизнес-процестерді автоматтандыру және тиімділікті арттыру жолдарымен танысты
- Шағын бизнеске нақты көмектесетін жасанды интеллект құралдарын үйренді
- Сатылым, маркетинг, есеп жүргізу және клиенттермен жұмыста ИИ-ді қолдану тәсілдерін білді
- Қосымша шығынсыз технологияны енгізудің тиімді жолдарын қарастырды

Семинар қолөнер, қоғамдық тамақтандыру, қонақүй бизнесі, тігін және жиһаз өндірісі сияқты салалардағы кәсіпкерлер үшін ерекше пайдалы болды. Қатысушылар заманауи технологиялардың көмегімен өз бизнесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік алды.

Мұндай шаралар кәсіпкерлерге заман талабына сай жұмыс істеуге, үнемді әрі тиімді шешімдер қабылдауға жол ашады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер