«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу 2025» көрмесі басталды

2025 жылғы 11 Маусым
- Алматы қаласы
605 просмотров

Бүгін «Атакент» көрме орталығында XXX Қазақстандық халықаралық «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу 2025» көрмесі ресми түрде ашылды.
11–13 маусым аралығында өтетін іс-шараны «Атакент-Экспо» компаниясы Қазақстанның жиһаз және ағаш өңдеу өндіріс кәсіпорындарының қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Көрме аталған салада еліміздегі ең ірі алаң ретінде дәстүрлі түрде жоғары бағаланады. Бұл көптен күткен шара жиһаз өндірушілерін, жеткізушілерді, ағаш өңдеу жабдықтары мен материалдарын шығаратын компанияларды, сондай-ақ сәулетшілерді, дизайнерлерді және тұтынушыларды бір ортаға жинайды.

Көрменің салтанатты ашылу салтанатына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, салалық қауымдастықтар, халықаралық делегациялар мен іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты.

Биыл іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан шамамен 300 компания мен кәсіпорын қатысуда. Қатысушылардың 40%-ы алғаш рет қатысып отырғаны қазақстандық нарыққа деген жоғары қызығушылықты көрсетеді.

«Мұндай көрмелер кәсіпкерлікті дамыту мен инновация тартуда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар іскерлік байланыстар орнатуға, нарықтарды кеңейтуге және отандық өндірушілеріміздің әлемдік трендтерден хабардар болуына мүмкіндік береді. Бұл көрме Қазақстанның жиһаз және ағаш өңдеу саласының дамуына қуатты серпін беретініне сенімдіміз», — деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жанна Мурзакулова.

Көрме тек өнімдер көрсетілетін алаң ғана емес, сонымен қатар тікелей сатып алу және келісімшарттар жасасу үшін тиімді платформа. Қонақтар жиһаз саласындағы соңғы трендтермен танысып, ынтымақтастық шарттарын талқылап, өндірушілерден тікелей өнім сатып ала алады.

Үш күн ішінде көрме аясында саланың жетекші сарапшыларының қатысуымен 20-дан астам іскерлік іс-шара өткізу жоспарланған.
Жоба заманауи технологияларды ілгерілетуге, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және бизнес пен тұтынушылар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Қатысушылар мен келушілер жиһаз, фурнитура, декоративті материалдар мен интерьер шешімдерінің кең таңдауына қол жеткізе алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер